Ғылым саласында сөздері жиі цитаталанып жүрген қазақстандық ғалымдардың есімдері анықталды деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ. Қазақстандық авторлар әлемінде физика ғылымдары саласында жазылған цитаталар жиі келтіріледі дейді компания сарапшылары.
Thomson компаниясының Web of Science ғылыми ақпараттық базасы өз тізіміне қазақстандық ғылыми жарияланымдар туралы 11 158 мәліметті қосып отыр.
Авторлардың мақалалары халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілген зерттеу сапасына байланысты, сонымен қатар, алынған нәтижелерді дұрыс жеткізуге байланысты тәуелсіз сараптамадан өткізілген. Жұмысқа өзгелердің назарын аудару, өзге ғылыми мақала авторларының мақаланы цитаталау рейтингісімен анықталады. Бұл рейтингті аталған жүйе автоматты түрде есептейді.
Физика ғылымдары саласында ең көп мысал ретінде келтірілетін мақаланың авторы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сергей Одинцов. Сонымен қатар, Физика-техникалық институтының ғалымдары – Эрнст Боос, Болат Жаутықовтың, Николай Покровскийдің, Әсет Барақбаевтың жоғарғы энергиялар физикасы саласындағы жарияланымдарын өзгелер көп пайдаланған. Ал, химия саласы бойынша ғалымдар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нен Динара Бірімжанова мен Ирина Иргибаеваның жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
«ЕҰУ-нің физика-техникалық факультетінің қызметкерлері профессор Ратбай Мырзақұловтың жетекшілігімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп түрлі елдердің зерттеушілері тарапынан үлкен қызығушылық тудыратын астрофизика, космология және ДНҚ физикасы саласында зерттеулер жүргізуде. Ұсақ ағзалар, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы саласындағы ең көп сілтемелер ҚР Ұлттық биотехнологиялық орталығы қызметкерлері – Ерлан Раманқұлов, Айнұр Сәрсенова, Ирина Ковальчук, Елена Людвикова, Марьиям Волгина, Юрий Грачев, Аманқұл Бекеновтардың және олардың шетелдік әріптестерінің жарияланымдарына сәйкес келеді», - делінген аталған ақпаратта.
Иммунология саласында профессор Жанат Ыдрысованың (С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) ұмытшақ склерозы мәселелеріне арналған жұмысы да жиі пайдаланылған.
Web of Science-тың ғылыми басылымдарында жиі ұсынылатын жұмыстар қатарында медициналық генетика және онкология саласында зерттеулер жүргізетін қазақстандық ғалымдардың екі жұмысы бар. Олар – Жалпы генетика және цитология институты қызметкері Әйкен Асқапұлы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Сағынбек Игісіновтың жұмыстары.
Әлеуметтік ғылымдар саласындағы ең жиі дәйектелетін, археология мен антропология мәселелерін қарастыратын Алексей Марьяшевтың мақаласы. Ол Қазақ археология институтының қызметкері.
Осы ресурс басылымдарында ең белсенді қазақстандық жарияланымдардың авторлары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілдері.
«Жалпы алғанда соңғы 3 жылда шетелдік ғылыми басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың саны 2 еседен де артты, бұл ұлттық жазылулардың халықаралық электронды ақпарат көздеріне тіркелуінің тікелей нәтижесі болып табылады», - деп хабарланды Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында.
2011 жылдың қазанында ҚР БҒМ тапсырмасы мен қаржылық қолдауының арқасында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ алғаш рет халықаралық электронды ақпарат көздеріне ұлттық тіркелу жұмыстарын жүргізді.
2011–2014 жылдары ThomsonReuters (Web of Science), Springer GmbH (Springerlink) және Elsevier B.V. (ScienceDirect, Scopus) компанияларының ақпараттық базаларына ұлттық жазылу бойынша сәйкес келісімдерге қол қойылды.
2014 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ғылыми ақпараттың толық мәтінді және рефератты ресурстарына 250-ден астам қазақстандық ғылыми және білім беру ұйымдары тіркелді.
Дереккөзі: baq.kz