Қазақстан Франция университеттерімен қос дипломды білім беру жөнінде келіссөздер жүргізуде
Қазақстан мен Франция білім беру жобалары бойынша ынтымақтастық жүзеге асыру келіссөздерін жүргізуде. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға жұмыс сапары барысында Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдени және техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Йоннан Юрес мәлім етті.
«Еуразия Ұлттық университетінде Сорбонна Пари Сите университеті, Лотаринги университеті, Гавр университеті, Франш-Комте университеті, Перпиньян қаласындағы университет тәрізді Франция университеттері мен қазақстандық тараптан Назарбаев Университетінің Business Campus, Еуразия Ұлттық университеті, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы таныстырылды», - делінген хабарламада.
«Бұл жүздесу Франция президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға сапарының қарсаңында орын алып отыр», - деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.
Йоннан Юрес атап өткендей, бірқатар қазақстандық ұлттық және мемлекеттік университеттер Франция ЖОО-ларымен академиялық мобильділік аясында білім алушылармен алмасу бойынша әріптестік орнатқан. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі аталмыш елдің білім саласы өкілдерімен қос дипломды білім беру және өзара студенттер алмасу жөнінде келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Дереккөзі: inform.kz