Ғылыми жаңалықтар

«Жас сарапшы 2014» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

23.10.2014

6586

қазақстандық жоғары оқу орындарының экономист-студенттердің арасында өткен «ЖАС САРАПШЫ 2014» республикалық конкурс жеңімпаздары мен финалисттерін марапаттау салтанаты өтеді.

Байқаудың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, ҚР жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін арттыру болып табылады.

«Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл байқау 2012 жылы басталған болатын. Сол жылы оған еліміздің 40 ЖОО-нан 234 студент қатысса, 2013 жылы 37 ЖОО-дан 197 студент қатысты.

Экономика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында сарапшылық, ғылыми-зерттеу істеріне деген қызығушылықты ынталандыруға бағытталған байқауға биыл 216 адам қатысып, финалға 10 адам шықты.

Марапаттау салтанатына конкурстық комиссия мүшелері: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов, Институт сарапшылары, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі: ҚР ұлттық экономиканың вице-министрі Мадина Абылқасымова, «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев қатысады.

Конкурс жеңімпаздарын экономикалық зерттеулер институтында, ҚР ұлттық экономикасы министрлігінде тағылымдамадан өту, дипломдар және бағалы сыйлықтар күтуде.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар