Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар ВИЧ-тің қай уақытта пайда болғанын анықтады

03.10.2014

7380

Ғалымдар анықтағандай, ең алғаш рет адамның ВИЧ инфекциясын жұқтыруы 1920 жылы Қазіргі Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншаса аумағында орын алған.
Ғалымдар 1959 жылы Киншасадағы науқастардың бірінен алынған қанды генетикалық талдаудан өткізгеннен кейін осындай қорытындыға келіп отыр. Аталған зерттеу күні кеше Science журналында жарық көріп отыр.
Болжам бойынша, ВИЧ шимпанзе вирусының мутацияға ұшыраған түрі. Адамға ол қан арқылы жұққан. Ал, тез таралуына себеп болған фактор - африкадағы жезөкше саудасы мен пайдаланылған инелерді екінші рет пайдалану дейді ғалымдар.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар