Бүгін Кипрдің Лимассол қаласында Жерорта, Каспий, және Қара теңіздерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиағарыштық мониторингті дамыту бойынша «INTERECOLOGY-2014» халықаралық экологиялық форумы мен «INAVEС-2014» халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының кезекті кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жөнінде ҚазҒарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған экологиялық отырысқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев Лимассол қаласында (Кипр Республикасы) жұмыс сапарымен кетті деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Онда ол 29 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтетін «INTERECOLOGY-2014» халықаралық экологиялық форумы мен «INAVEС-2014» халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының кезекті отырыстарына қатысып жатыр. Аталған іс-шаралар Кипр Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылған. Форумдардың басты тақырыбы жалпы қоршаған ортаның, соның ішінде Жерорта, Каспий және Қара теңіздерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су тазалау, өртті дер кезінде табу және жою мәселелеріндегі авиағарыштық мониторингті дамыту болып табылады.
Бұл іс-шараларды саясат, экономика, қорғаныс, ғарыштық ғылым және өндіріс саласындағы өкілдерінің өзіндік сұхбат алаңы ретінде қарастыруға болады. Форум аясында ғарыш саласындағы жетекші мамандарының қатысуымен түрлі сессиялар мен дөңгелек үстелдердің өткізілуі жоспарлануда .
Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев «INTERECOLOGY» халықаралық экологиялық форумы мен «INAVEС» халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының Құрметті Президенті ретінде жұмыс істеп келеді.
Ая ӨМІРТАЙ
Дереккөзі: baq.kz