Ғылыми жаңалықтар

2015 жылы Астанада әлемдік деңгейдегі колледж ашылады

02.10.2014

7043

Келер жылы елордада халықаралық инновациялар негізінде халықаралық деңгейдегі колледж ашылады. Бұл туралы «Білім беру бағдарламалары: әзірлеу мен жүзеге асыру» тақырыбында өткен конференцияда «Кәсіпқор” холдингі КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Қадырбек Бөрібеков мәлімдеді.

Конференцияға шетелдік сарапшылар, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдардың, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің, сондай-ақ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Канада, Финляндияның жетекші халықаралық білім беру бағдарламаларының өкілдері қатысты.

«Келесі жылы Астанада халықаралық инновациялар негізінде колледж ашу жоспарланған. Онда ақпараттық технологиялар, дизайн, сәулет және құрылыс, қонақ үй ісі мен мейрамхана шаруашылығы, туризм және сервис, машина жасау және энергетика мамандары даярланады», – деді «Кәсіпқор» холдингінің өкілі

Қ. Бөрібековтың айтуынша, әріптес мемлекеттердің білім беру бағдарламалары Қазақстанда жұмыс істейтін жұмыс берушілер мен жергілікті жағдайларға бейімделетін болады.

«Оқыту толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Осы білім беру бағдарламалары оқу орындарында қолданысқа енгізілген соң жастарға белгілі шетелдік оқу орындарына түсу қажеттілігі туындамайды, себебі олардың білім бағдарламалары Қазақстанның колледждерінде оқытылатын болады», – деді Қ. Бөрібеков.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар