Ғылыми жаңалықтар

Павлодарлық ғалым «Инновациялық форсаж» байқауының жеңімпазы атанды

27.08.2014

6155

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің көліктік техника және логистика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Абылхан Қаракаев республикалық «Инновациялық форсаж» инновациялық бизнес-жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы BNews.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Абылхан Қаракаевтың жасаған жобасының зерттеу нысаны – іштен тұтанатын қозғалтқыштар және жылу қозғалтқыштары.

«Абылхан Қосмұрзаұлы 1000-ға жуық ғылыми, оқу-әдістемелік және басқа да басылым жұмыстарының, 3 монографияның, 20 оқу әдістемесінің авторы. Сондай-ақ, ғалым 90 авторлық куәліктердің және КСРО, РФ және ҚР инновациялық патенттерінің иегері», - деп жазылған хабарламада.

Абылхан Қаракаев 2013 жылдың барлық өтінімі бойынша өнертабыстық жұмысқа 17 өтініш білдірген. Сол жылдың өзінде жұмыстарына оң жауап алып, инновациялық патенттер мен авторлық куәліктерге ие болды. Өнертапқыш ғалымның 2014 жылы зор жетістігі ретінде республикалық өнертабыс «Шапағат» байқауындағы ЖОО ғалымдарының ұжымдық жеңісін атауға болады. Абылхан Қаракаев байқауда «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясының иегері атанды.

Жаңа технологиялық идеяларды, халықтың инновациялық белсенділігін және инновациялық кәсіпкерлікті үгіттеуді ынталандыруды мақсат еткен бұл аталмыш байқауды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірлігі Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттікпен бірлесіп ұйымдастырды.

Айтулы жоба ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жобаның мақсаты жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік маңызды бастамаларды анықтау және қолдау, мен бизнес жоспар бойынша инновациялық жобалардың авторлары мен иноваторларды оқытуға бағытталған.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: іріктеу, қатысушылардың бизнес-жобаларды жасау мақсатымен бизнес-жоспарлау қабілетін байқау және оқыту, жартылай финалға өткен байқау қатысушылары өздерінің бизнес жобаларын қорғауы сонымен қатар, жартылай финалда 5 үздік жобалардың іріктелуі, жобалардың тұсау кесері және қорғауы.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар