Ғылыми жаңалықтар

Дуальді оқытудың үлесін 50 %-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр

26.08.2014

6201

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҒМ, Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Сабыржан Мадеев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Жаңа оқу жылынан бастап мамандар тапшы аймақтардағы 7 ЖОО мен 24 колледжге екі мыңнан астам студент қабылданды. Еліміздің 176 колледжінде оқытудың дуальді жүйесі енгізілуде. Ал 2016 жылдан бастап оқытудың дуальді жүйесіндегі колледждердің үлес салмағы 20-дан 50 %-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. «10 колледж, 10 ЖОО» жобасы аясында мемлекеттік ҮИИДБ кәсіпорындары үшін білікті мамандар дайындау жолға қойылды, - деді Сабыржан Маратұлы.
Оның айтуынша, бүгінге дейін елімізде 1 480 орындық 3 колледж пайдалануға беріліп, 772 орындық жатақхана ашылды. Сонымен қатар, колледждер 3,3 млрд. теңге болатын заманға сай жабдықтармен жарақтандырылған болса, оның 2,4 млрд. теңгесі Республикалық бюджеттен бөлініпті.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Ғабит МАДАЛИЕВ

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар