Ғылыми жаңалықтар

Жапон ғалымдары кез келген күйікті таңуға мүмкіндік беретін биоматериал ойлап тапты

12.08.2014

8790

Жапон ғалымдары өте жіңішке нанопленка жасауға мүмкіндік беретін әдістеме ойлап тапты. Оның көмегімен дәрігерлер кез келген формадағы күйікті таңып, жараға инфекцияның түсуіне жол бермейді. Бұл туралы Америка химия қоғамының конференциясында айтылды, деп хабарлайды Naked Science.

Қазіргі таңда қолданылып жүрген күйікті таңу әдістері тері тегіс әрі жалпақ болғанда ғана тиімді. Алайда адамның терісі толығымен тегіс емес, бізде әжімдер пайда болады, жиі қозғалып, бүгілеміз. Мұндай кездерде денені түрлі күйік шалғанда алғашқы жәрдем көрсету қиынға соғып жатады.

Токио университетінің ғалымдары Йосуке Окамура басшылығымен денені күйік шалғанда таңғыштың рөлін атқаратын иілгіш әрі жабысқақ нанопленка ойлап тапты. Бұл жаңашылдықтың бір ерекшелігі «нанотаңғыш» тек тегіс бетке ғана емес, сондай-ақ қисайған, бүгілген жерлерге де еш желімсіз жабыса береді.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар