Ғылымдағы әлемдік жетістіктер. Энергетика және машина жасау.
Энергетика.
Термоэлектрлік материалдар саласындағы зерттеу жобалары.
- Alphabet Energy компаниясы жылуды электр қуатына өзгерту барысында жоғары нәтижелілік алуға мүмкіндік беретін (кремнийлік наносымдар) кремний негізінде термоэлектрлік материалдарды коммерциаландырады.
- GMZ Energy күннің жылу энергиясын тікелей қуатқа өзгерте алатын термовольтайлық құрылғы әзірлеп жатыр. Phononic Devices әртүрлі техникалық құрылғыларда (ноутбуктарда, лазерлерде, тоңазытқыштарда және т. б.) төменгі температураны қолдау және жылу қуатын қысып шығару үшін пайдаланылуы мүмкін инновациялық термоэлектрлік материалдарды коммерцияландыруға айрықша лицензияға ие болып табылады.
- NEAT жобасы экологиялық таза материалдарға негізделген термоэлектрлік нанокомпозициялардың жаңа сатысының әзірлемесіне бағытталған.
- ThermoMag жобасы арзан, уытты емес, жеңіл, ықшамды және көпшілікке қол жетімді термоэлектрлік материалдардың әзірлемесіне бағытталған. H2ESOT жобасы органикалық термоэлектрлік материалдарды пайдаланумен тиімді термоэлектрлік модульдерін әзірлеп жатыр.
- NanoCaTe жобасы термоэлектрлік генераторлардың және электр қуатын күшті конденсаторлардың сақтау көмегімен жылу қуатын электрге өзгертуді кейінгі қолданулар үшін (графен және наноқұбырлар) нанокөміртектер негізінде икемді термолектрлік материалдардың әзірлемесіне бағытталған.
- NexTec жобасы заманауи термоэлектрлік материалдар негізінде жылулық жоғалтуларды электр қуатына өзгертулердің жаңа құрылғыларын әзірлеуге бағытталған.
Термоядролық синтезді басқару технологияларының әзірлемелері жөніндегі инновациялық компаниялар:
- Американдық компания Helion Energy электр қуатын өндіруге арналған термоядролық реакторлардың түптұлғасын жасау бойынша жұмыс атқарып келеді.
- Канадалық компания General Fusion термоядролық синтез реакциясын шығарудың механикалық әдісі бойынша жұмыс атқарып келеді.
- Американдық компания Tri Alpha Energy сутек және бора-11 ядросының реакциясына негізделген нейтронсыз синтездің технологияларын әзірлеп жатыр.
- Термоядролық синтез саласындағы ең ауқымды жоба - ИТЕР Халықаралық эксперименттік термоядролық реактор болып табылады.
Сутек жаңартылатын қуатты ір көлемді сақтаудың шешімі ретінде. Европалық жобалар.
Сутекті жинағыштар саласындағы бірегей көрсету жобалары ағымдағы төрт европалық жоба болып табылады. Олар: HyUnder, Ingrid, Myrte и GRHYD.
- Ingrid жобасы қуат желілеріне бақылау және мониторинг жасаудың Смартгрид жетекші технологияларымен берік сутек жинағышты және электролизды генераторды қиыстыруға бағытталған.
- HyUnder жобасы жерасты тұзды үңгірлерінде сутекті сақтау арқылы электр қуатының ауқымды жиналу мүмкіндіктерін зерттейді.
- GRHYD жобасы кейіннен жылыту, суды жылыту немесе отын ретінде табиғи газбен қолданылатын, сутекті пайдаланудың шектен тыс жаңартылатын көздерінің көмегімен өндірілетін электр қуатына өзгертетін технологиялар жасау бойынша жұмыс істеп келеді.
- Myrte жобасы күн электр станцияларының қуатты сақтаудың сутектік жүйесімен тиімді үздіксіз жұмысының мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс болып табылады.
Сұйытылған табиғи газ (СТГ) транстпорт секторындағы мұңайдың баламасы ретінде.
Европа мемлекеттерінде аталған буын бойынша пилот жобалар LNG Blue Corridors и LNG in Baltic Sea Ports болып табылады. LNG Blue Corridors жобасы Европа мемлекеттерінде тасымалды жүзеге асыратын жүк машиналарына арналған баламалы отын жанармай ретінде СТГ дамытуға бағытталған. LNG in Baltic Sea Ports жобасының мақсаты Балтық теңізінің айдынында СТГ арналған жанармай құю бекетінің инфрақұрылымдарын құру болып табылады.
Сұйытылған табыиғи газ технологиялары
Қазіргі таңда сұйытылған табиғи газ технологияларының айқын көшбасшысы Air Products компаниясы болып табылады. Онымен әзірленген AP-SMR™,AP-C3MR™ және AP-X™ үрдістері барлық нарықтың 82% құрайды. Іс-жүзінде аталған үрдістердің жалғыз бәсекелесі ConocoPhillips әзірленген Optimized Cascade технологиялары болып табылады.
Таза технологиялар салаларындағы Европалық зерттеу жобалары
- Next-GTL зерттеу жобасы (ағыл. GTL – gas-to-liquid process) табиғи газды жоғары сапалы көмірсутек өнімдеріне өзгертудің үрдістерімен байланысты негізгі экономикалық және техникалық мәселелерді шешу мақсатында шығарылды.
- WELTEMP жобасы полимерлік электролиттік мембраналар негізінде жаңа электролизер әзірлемесін дайындауды өзінің мақсаты ретінде қояды.
- Capmix жобасы тұщы және теңіз суы арасындағы тұздың шоғырлануының айырмашылығына негізделетін электр қуаты өндірісінің жаңа әдістерін әзірлеп жатыр.
- ANASTASIA жобасының мақсаты инновациялық электртежегіш лента, сонымен қатар электртехникалық жүйелерде энергияны өзгерту үрдістерін жетілдіру әзірлемесі болып табылады.
- LOVE жобасы төменгі температураларды қуатқа өзгерту жолымен өнеркәсіпте қуаттың нәтижелілігін жақсартудың әдістерін әзірлеп жатыр.
Cleanex жобасы мұңай өңдеу және химия зауытының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі жылу алмасуды тазалаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеп жатыр.
- Fuerex (электрмобильінің батареясын қуаттандыратын қосымша құрылғы) доңғалақтың жаңа ұлғайтқыш қорларын құру мақсатында шығарылды.
- Cachet II жобасы көмір және газ электр станцияларында, сонымен қатар сутек шығара отырып (H2) көміртек (CO2) диоксидін ұстауға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеп жатыр.
- Deepwind зерттеу жобасы терең қолдануларға арналған желдік турбиналарының жаңа инновациялық түрлерін құру мақсатында шығарылды.
Таза технологиялар: Францияның инновациялық стартаптары
- Oledcomm Li-Fi технологиясына негізделген жарық арқылы мәліметтерді сымсыз жеткізудің жаңа әдістерін әзірлеп жатыр.
- Siltene компаниясы қатты дисктердегі жазбалардың және магнитті резисті жедел жад (MRAM) тығыздығын ұлғайтуға мүмкіндік беретін магниттік материалдарды өндеудің инновациялық әдісін әзірледі.
- Magpie Polymers компаниясы құнды металдарды өндірістік қалдықтардан және технологиялық сулардан фильтрлеудің инновациялық технологиясын жасады.
- Bilboquet зерттеу жобасы теңіз толқындары тербелісінің өзгеруі негізінде электр қуаты өндірісінің инновациялық технологиясын әзірлеп жатыр.
- Smart Impulse компаниясы Smart Analyzer® - тетіктерінің көмегімен электрлік сигналға талдау жасау негізінде ғимараттың қуат тұтынуын бөлуді алуға мүмкінді беретін технология әзірледі.
- Voltarec бір мезгілде күміс, қалайы, мыс, кермний сияқты құрамындағы құнды металдарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін күн панелдерін қайта өндеудің технологияларын әзірлеп жатыр.
- HyCan шағын отын элементеріне арналған сутекті сақтау үшін аппарат әзірледі.
Машина жасау
- Британдық Ноттингем Трент университеті жүргізушінің электрлік кардиограммасын түсіруге қабілетті автокөлік орындықтарының әзірлемесіне кірісті.
- 2013 жылы «Тойота» автокөліктің рульіне қан қысымы және жүрек соғысы туралы мәліметтерді белгілеуге қабілетті тетіктер орнатуға ұсыныс жасады.
- «Ford» компаниясы «күзеліске қарсы» өзінің жүйесін дайындап жатыр. Ол жүргізушінің дене қысымын, тамырдың соғуын, тыныс алуды бақылай алады.
- Бұдан өзге, «Ford» КПП үшін «ақылды» қолды ұсынып отыр: трансмиссияның орнатылған ақылды тетігі дірілдете алады және осынын негізінде жұмыс деңгейінің (үнемшіл немесе өндірістік тәртіп) жедел ауыстырылуы керектігін хабарлайды.
- Это будет седан, который по цене сможет конкурировать с Audi A4 и BMW 3-Series. «Tesla» Американдық компаниясы «Tesla Model E» электрокараның бюджетін әзірлеуге кірісті.
- «LG» компаниясының инженерлері 321 км арналған қуат сыйымдылығымен электрокаралар үшін автокөлік аккумуляторларын жасаумен айналысып жатыр.
- Вайцман институтының ғалымдары әлемдегі бірінші фотондық бағдарлауды жасап шығарды және жұмысын көрсетті. Фотондық бағдарлау керекті бағдар бойынша бірегей фотон жарығын бағыттауға мүмкіндік беретін бір жалғыз атомға негізделген квантық құрылғыны ұсынады.
- 2013 жылдың 6 тамызында Оңтүстік Кореяның Куми қаласында OLEV (Online Electric Vehicle) жүйесі бойынша жұмыс істейтін автобустар сияқты – инновациялық қоғамдық көліктер жүретін тұрақты желі ашылды.
- «TerraCraft Motors» компаниясы (3 дөңгелекке негізделген) TerraCraft автокөлігінің инновациялық жобасын әзірледі.
- «Mitsubishi Electric Corporation» компаниясы негізі – кремний карбиді, мотор түптұлғасы инвертормен біріктірілген электрлік көліктер үшін өзінің инновациялық әзірлемесін ұсынды.
Дереккөзі: innodigest.com
kidi.kz
innoros.ru