Ғылыми жаңалықтар

Жас геологтардың ашық далалық олимпиадасы өтеді

25.07.2014

5911

2014 жылдың 1 тамызында «Ақ ерке» халықаралық балалар орталығында Жас геологтардың ІІІ Қазақстандық ашық далалық олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен хабарланды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олимпиадаға Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан барлығы үш жүзге жуық бала қатысады деп жоспарлануда. «Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаты мен міндеті жастарды кәсіптік бейімдеу, білім алушылардың геологиялық ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұдан бөлек, шара геологияның қолданбалы маңызы мен оны ғылым ретінде насихаттауды, сонымен қатар, осы салаға қызығатын дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетуді мақсат етеді», - делінген баспасөз баянында.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар