Жәмилә Нұрманбетова: «Біз жоғары мектептегі едеуір оң өзгерістердің алдында тұрмыз»
Жаһандану мен ғылымды қажетсінетін экономика пайда бола бастағаннан бері экономикалық өрлеу мен мемлекеттің жетістігі табиғи ресуртар, аумақтар немесе мекен ететін орнына тәуелді емес екені белгілі, дәлірек айтқанда, терең білім, идеялар мен жаңашылдықты шыңдау арқылы бар байлықты арттыру қабілеттілігіне негізделетіні сөзсіз. Нақ осы білім ғана мемлекеттерге білім деңгейін, жаңашылдық пен шығармашылықты арттыруға зор мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарлау, шығармашылық тәсілдемелерге негізделген жаңа басқарушылық технология, кәсіби менеджментті іздестіру проблемалары мен корпоративтік мәдениетті шешуде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жетекшілеріне арналған оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Аталмыш оқыту бағдарламасы Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебі мен Жоғары білім беру Жетекшілік Қорының (Ұлыбритания) ұйытқы болуымен өтті.
Оған Еуразия ұлттық университетінің өкілдері белсенді түрде атсалысты: ЖОО-ның бірінші проректоры, ф.ғ.д., профессор Жәмилә Нұрманбетова мен заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Еркін Оңғарбаев.
«Бүгінде мынандай түсінік қалыптасып келеді, жоғары оқу орындарындағы өзгеріс белгіленген реформаның қозғалтқышы болуға міндетті ЖОО ұжымының қолдауынсыз ешбір жүзеге аспайтыны белгілі,- дейді Жәмилә Нүсіпжанқызы. – Университеттер жақын арада тек академиялық еркіндікпен қатар басқару еркіндігінің аймағына айналмақ. Мұндай жағдайда ЖОО-лар мықты басқарушылық негіздер құру, сапалы стратегиялық құжаттаманы қамтамасыз ету, басқару қызметкерлерінің көшбасшылық қабілетін дамытуға аса мұқтаж болары анық, өйткені, еркіндікпен қатар қызмет нәтижесіне деген жауапкершілік күшеюі тиіс. Оқыту бағдарламасы дәл осы сұранысқа қанағаттануға бағытталды».
Ұлттық, мемлекекеттік және жекеменшік университет жетекшілерін оқыту үш бірдей өзара тәуелді модульдерден тұрды.
Біріншісі - 9-20 маусым аралығында Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінде өтті: 2 бағдарламалық алды сессия мен Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумын қамтыды.
Екінші модуль (23-27 маусым аралығы) – Шетел ЖОО-ларына бағдарлама қатысушыларының жұмыс сапары. Жәмилә Нұрманбетова мен Еркін Оңғарбаев кірген топ бес күн бойы Сингапурдың Ұлттық университетінің автономия негіздері, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік мәдениетімен танысты. Қатысушылардың екінші тобы Калифорниядағы Беркли Университетінің Жоғары білім беру орталығын аралады.
Үшінші модуль (14-18 шілде аралығы) – барлық қатысушылар бағдарламасы Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінде өтті.
Бағдарлама аясында қазіргі таңдағы Қазақстан университеттеріндегі көшбасшылық пен басқару проблемаларын талдауға ерекше көңіл бөлінді, сондай-ақ, ЖОО-ларға автономия беру, қоғам алдында зор жауапкершіліктің жүктелетіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар оқыту бағдарламасынан кейін өз ЖОО-ларында пайдалана алатын идеяларды жүзеге асыруда топ-топпен қатысушылардың жұмысы жалғасты.
Назарбаев Университетінде өткен өзекті әрі ауқымды бағдарламаны қорытындылау жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сарінжіповтың тікелей қатысуымен өтті.
Бағдарлама қатысушыларының атынан сөз сөйлеген Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетова былай деп атап өтті: «Біз елеулі өзгерістер қарастырылған 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жоғары мектептегі едеуір оң өзгерістердің алдында тұрмыз. Автономдық, академиялық еркіндік, сапамен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі мен инновацияға бағдарлану, интернационалдандыру мен еңбек нарығымен жаңа өзара қарым-қатынас – мұның барлығы университеттік реформаның түйінді бағыттары».
Дереккөзі: enu.kz