Назарбаев Университетінде Жұмабай Бәкеновтің жетекшілігімен бір топ ғалымдар қолданыстағы аккумуляторлық батареядан 10 есе ұзақ жұмыс істейтін батареяны әзірледі.
Бұл жаңалық бүгін білім ордасы жанындағы Технопарктің ашылуы рәсімінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке таныстырылды.
А.Сәрінжіпов осындай батареяны «iPhone» үшін және өзге смартфондарға әзірлеу мүмкіндігі жайында сұрады.
Өнертапқыш Ж.Бәкенов әзірге оны дайындауға тиісті құралдар жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол ғылыми топ даярлаған аккумуляторды автокөліктерге бейімдеп жасауға ниетті екенін атап өтті.
Айта кетейік, Ж. Бәкенов он жылға жуық уақыт бойы Жапония мен Канадада өмір сүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Қазақстанға 2011 жылы оралды.
Дереккөзі: today.kz