Ғылыми жаңалықтар

Жер шарының магниттік алаңы 10 есе жылдам өзгеріп жатыр

23.07.2014

5193

Жер шарының магниттік алаңы 10 есе жылдам өзгеріп жатыр, деп хабарлайды trt.net.tr.

Ғалымдардың айтуынша, соңғы алты айдағы зерттеулер жер шарын радиация мен астероидтардан қорғайтын магниттік алаң болжамдардан 10 есе жылдам өзгеріп жатқанын көрсетуде.

Жер шарының ядросындағы темір еріп, қайнап жатқаны анықталып отыр, қайнау процесі баяулаған жерлерде магниттік алаң әлсіреген деген болжам жасалды.

Зерттеулерге қарағанда магниттік алаңдар бұрын 100 жылда 5 пайызға әлсіреген болса, бүгінде ол 10 жылда 5 пайызға жеткен.

Бұл магниттік алаңдар 10 есе жылдам әлсірегенін көрсетеді. Жер шарының магниттік алаңы бірнеше жүз мың жылда бір өзгеріп отырады екен.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар