Ғылыми жаңалықтар

Физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңі Астанада өтуде

16.07.2014

5666

Бүгін Назарбаев Университетінде физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Оған 85 елдің оқушылары қатысуда.
«Бүгін таңертең физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың бірінші теориялық кезеңі басталды. Ол үш тапсырмадан тұрады. Қатысушылар сын басталғанға 15 минут қалғанда 3 конвертке салынған тапсырмаларын алды. Оқушылардың қай елден келгені ескеріліп тапсырмалар түнде сол тілдерге аударылды», - деді Фуат Гаджиев, Nazarbayev University Research and Innovation System бас директорының кеңесшісі, олимпиаданың ұйымдастырушылар комитетінің мүшесі.

Оқушылар тапсырманы 5 сағат ішінде орындауы тиіс. Нәтижесі ертең белгілі болады. Халықаралық сарапшылардан тұратын қазылар алқасы түні бойы орындалған тапсырмаларды тексереді. «Алғашқы кезеңнің нәтижесі ертең белгілі болады, апелляциялық тұрғыда оған шағымдануға болады. Ертең қатысушылар демалады. Одан кейінгі күні практикалық кезеңі болады. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша сынның қорытындысы шығады», - деді Ф.Гаджиев.

Еске сала кетейік, кеше Астанада физика бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Қазақстан намысын бұл олимпиадада 5 жас дарынды қорғайды. Оның төртеуі 11-сыныпта оқыса, біреуі 10-сыныпта. Олар - Әмір Бралин, Данат Иса, Нұрбек Дінмұхаммед, Нұрислам Тұрсынбек, Дәулет Құрмантаев.

Олимпиаданың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау 20 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар