22 апта (6 ай шамасында) мерзімде туылған дене салмағы 500 грамм және одан жоғары нәрестелердің Қазақстан азаматы ретінде есептелініп жатқанына міне 6 жыл болды. Ертеректе осындай мерзімде және салмақтағы нәрестелер тірі туылатындар қатарына есептелінбеген, қазір заң бойынша оларға толық кепілдендірілген көлемді медициналық көмек көрсетіледі. Тараз қаласындағы Облыстық перинаталдық орталығы үшінші деңгейлі босандыруға көмектесетін мекеме, ана өмірін сақтау үшін және жаңа туылған нәрестеге өмір сүру мүмкіншілігін беру үшін мұнда мамандандырылған білікті дәрігерлер жұмыс атқаруда.
Дене салмағы өте төмен жаңа туылған нәрестелерге көмек көрсету үшін алыс және жақын шет елдер мамандарының қатысуымен жүргізілетін семинарлар мен бағдарламалар жүргізіледі. Бұдан басқа да, біздің дәрігерлер шет елдерге (Литва, Израиль, Ресей, Белоруссия) оқуға барады.
Бізде кез келген сәтте нәрестені қабылдауға дайын арнайы кувездер бар. Ол кувездер стационар аралық және ішкідей ауырнауқасты жаңа туылған нәрестелерді тасымалдау кезінде интенсивті терапия жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Ішінде бірнеше сағат көлемінде өкпені жасанды жолмен вентиляциялау және оттекпен емдеу, жоғарғы демалу жолына санация жүргізуге болады.
Кувезде жаңа туылған нәрестелер үшін оңтайлы температура, дымқылдық және тұрақты микроклимат жасалынған.
Құрсақтық жағдай жасау үшін нәрестелер кувездің жоғарғы беті жабылған, арнайы ұяда жатады. Дене салмағы 500 грамм жаңа туылған нәрестелер өз бетімен демалу мүмкін емес, себебі олардың өкпесі жетілмеген және олар дәрігерлер мен мейірбикелердің жағдай жасауымен өмір сүруде. Бірнеше ай бойы нәрестені мәпелеп өсіреді, барлық нәрлі заттарды тамызғы көмегімен көктамыр арқылы беріледі, себебі асқорыту ағзалары жетілмеген, ана сүтін сіңіре алмайды.
Нәресте жағдайын бақылау және уақтылы түзету жүргізу үшін түрлі зерттеулер жүргізуге жиі қан алынып тұрады. Талдаулар қанның оттекпен қанығу дәрежесі, билирубин, нәруыздар (белка), электролит, глюкоза деңгейін анықтауға көмектеседі. Тәулік бойы неонатолог-дәрігерлер және мейірбикелер жұмыс атқарады. Дене салмағы 500 грамм сәбиден қан алып немесе көктамырына тамызғы қойып көріңіз... Арнайы күрделі медициналық диагностикалау аппаратының көмегімен бөлімде қан талдауы тікелей жүргізіледі. Алынған қорытынды бойынша емдеуге түзету жүргізуге болады.
Дене салмағы экстремалды төмен шала және жаңа туылған бір нәрестені күту үшін үлкен шығын талап етіледі. Бұрында ата-аналарға интенсивті терапия және нәрестелер жансақтау бөліміне кіру қатаң түрде тиым салынған. Егерде рұқсат етілген жағдайда, жұқпадан сақтану – арнайы киімдерді кию қажет. Қазір барлығы өзгерген, керісінше, ауыр науқасты нәресте өсіру ата-ананың қатысуымен жүргізіледі. Арнайы киім кию қажеттілігі де тоқтатылды. Жаңа туылған нәрестеде және олардың ата-аналарында да бірдей микрофлора, ең бастысы – нәрестеге жақындау алдында қолды жуу және өңдеу қажет, бұлар дәлелденген.
Медициналық қызметкерлердің қарауы және оқытуынан кейін аналары өздерінің нәрестелерін өз бетімен тамақтандырады, жағдай ауысымын жүргізіп, өңдейді, жаялықшаларын ауыстырады. Осыған байланысты ана мен баланың арасында байланыс болып, емдеуде оң нәтиже беріледі. Шала туылған нәрестелерді ананың емшек сүтімен тамақтандыруда бойы өсетіндігін, шала туылған нәрестелердің дамуы, донорлық сүт немесе жасанды қоректі қоспаларды ажырататындығын Британдық оқымыстылар дәлелдеген. Аналық флораны тұқымдандыру үшін, ана мен бала аралығындағы психо-эмоционалды байланысты қалыптастыру, жылылықты сақтау, барлық уақытта анасымен байланыста болу үшін шала туылған нәрестелерді өсіруде аналары «Кенгуру» тәсілін қолданады. Жаңа туылған нәрестелерде қауіпті симптомдар байқалғанда анасы уақтылы медициналық қызметкерлермен байланыста болады.
Ерекше күтімді қажет ететін шала туылған сәбиді үйге шығарғаннан кейінде ауруханадағы дағды бойынша анасы өз бетімен баланы бағады.
Жыл сайын Республикалық бюджет және жергілікті бюджет есебінен ең жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталады, Біз үшін ең басты приоритет ана және бала өлімін төмендету. Қазір дене салмағы 1000 граммға дейінгі шала туылған сәбилерді өсіру үшін барлық нәтижелі жағдайлар жасалынған. Соңғы 6 жыл ішінде Облыстық перинаталдық орталығында туылған сәбилер саны 4728-ден 7487-ге дейін көбейді. Сол көрсеткіштердің ішінде, мерзімінен ерте туылған, барлық туылғандар санынан 9,9-10% құрайды. Осы жылдарда дене салмағы 500 –ден 1000 граммға дейінгі нәрестелер ОПО 2 есе өсті. Ең бастысы, дәрігерлер мен ата-аналар бірге жұмыс атқаруда. Екі жақ тараптың бірге болуынан – сәби өмір сүруде!
Гүлнәгира Әбілсейтқызы Байзатова,
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері
Тараз қаласы.