Ғылыми жаңалықтар

Қазақ толеранттылығы этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісінің іргетасы іспеттес

25.06.2014

7478

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың ғылыми семинары 2014 жылдың 23 маусымында білім ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамының қатысуымен өтті.
«Қазақ толеранттылығы этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісінің іргетасы іспеттес» тақырыбында негізгі баяндаманы ЮНЕСКО этникалық және діни толеранттылық кафедрасының меңгерушісі, профессор Ғаділбек Шалахметов жасады.
Кафедра меңгерушісінің айтуынша, Қазақстан жеке ұлттық құрылыс жобасын – этникааралық және конфессияаралық келісімді жүзеге асыра отырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру саласында біртоға, эволюциялық саясаттың арқасында келеңсіз жәйттардан құтыла алды.
- Этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісінің феномені бірлік пен келісімнің жасалынған деңгейін қайта қалпына келтіру мен сақтау бойынша міндет қойылған кезінде өзінің алғашқы кезеңін бастан кешірді. Қазіргі таңда жаңа қазақстандық отаншылдықты қалыптастыратын үнемі белсенді түрде өзара әрекеттесу мен беріктігі нық дамып, сақталып келе жатқан жаңа дәстүрді қалыптастырып, жасап, құрастыру, ойлап шығару қажет, - деп ұсынды профессор.
Оппонент ретінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстандағы әзірбайжан мәдени орталықтары одағының» жетекшісі Видади Салахов пен ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлнәр Какенова сөз сөйледі.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар