Қазақстан және Корея бірлескен инвестқор мен жаңа технологияларды зерттеу орталығын құрады
Қазақстан және Корея бірлескен инвестициялық қор мен жаңа технологияларды зерттеу орталығын құру туралы келісті. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан-Корея бизнес-форумының ашылу рәсімінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біз алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруге ниеттіміз. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Біз бүгін Оңтүстік Корея президентімен өткізген келіссөздерде саяси және экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру сияқты жаңа келісімдерге қол жеткіздік», - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, келіссөздер барысында екі елдің бірлескен инвестициялық қоры мен жаңа технологияларды зерттеу орталығын құру мәселелері сөз болды. Бұл идеялардың жүзеге асуы екі елге де тиімді болады.
Дереккөзі: bnews.kz