Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: Ата-аналардың шектен тыс қаталдығы балаларын алкогольге құмарлығын арттырады

16.06.2014

6544

Ата-аналардың шектен тыс қаталдығы балаларының есірткіге, алкогольге және темекіге құмарлығын арттыруы мүмкін. Бұл туралы Еурпалық профилактика проблемалары институтының зерттеуінде айтылған.
Осы зерттеу шараларымен Испания, Швеция, Чехия, Ұлыбритания және Португалия секілді еуропалық елдер қамтылды. Сарапшылар 11-19 жас аралығындағы 7 мыңнан астам жасөспірім арасында сауалнама жүргізген көрінеді.

Сарапшылардың атап өтуінше, жасөспірімдердің жаман әдеттерге деген құмарлығына шалдығу қаупін төмендету үшін ата-аналар балаларының тәрбиесінде ақылға қонымды іс-қимылдар жасап, шектен тыс қаталдықтан аулақ болуы тиіс.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар