Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар ұялы телефонның бала миына зияны орасан екенін анықтады

21.05.2014

6208

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаржыны Ұлыбритания үкіметі бөліп отыр. Қыркүйек айынан бастап зерттеуге Лондон маңында тұратын 11-12 жас аралығындағы 2500 бала қатысады, деп хабарлайды Би-би-си орыс қызметі.
Ғалымдар биыл оқушылардың танымын – назарын, ойлау және есте сақтау қабілетін зерттеп, араға 3 жыл салып, 2017 жылы зерттеуді қайта жүргізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының айтуынша, соңғы жылдары бұл саладағы зерттеулерге үлкен басымдық беріледі.
Негізінен ғалымдар ұялы телефондардың адамға әсерін зерттегенде, ересек адамдардың миындағы қатерлі ісікке қатысы бар-жоғын анықтауға тырысқан. Алайда, бұл зерттеулер айтарлықтай нәтиже бермеген.
Дей тұрғанмен, Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары 16 жасқа толмаған балаларға ұялы телефонды тек қажет болғанда ғана тұтынуға және мүмкіндігінше hands-free жүйесін пайдалануға кеңес беріп отыр. Өйткені, баланың миы әлі даму процесінде болғандықтан, мұндай құрылғылардың әсерін өте сезгіш келеді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар