Ғылыми жаңалықтар

Болашақта ғылым зияткерлiк меншiкке негiзделмек

21.05.2014

5835

Болашақта ғылым зияткерлiк меншiкке негiзделмек. Сондықтан бiз бұл мәселеге бүгiн баса назар аударуымыз керек. Бұл туралы бүгiн VII Астана экономикалық форумының аясында «Антиконтрафакт» халықаралық II форумы барысында Өнертапқыш және кәсiпкер әйелдердiң бүкiләлемдiк қауымдастығының президентi Хан Ми-Йонг мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.
«Антиконтрафакт мәселесiне арналған форумның маңызы зор. Бүгiнгi жиын жедел қарқынмен дамып келе жатқан экономиканың берiк iргетасы болуы тиiс. Жаһандық экономика материалдық активтерден материалдық емес активтерге көшуде. Осы тұрғыда материалдық емес активтер зияткерлiк меншiкке сүйенедi. Келешекте ғылым зияткерлiк меншiкке негiзделетiн болады. Сондықтан бiзге бүгiн зияткерлiк құқық мәселесiне баса назар аударуымыз керек. Бүгiнгi форумда айтылған ойлар нақты жоба ретiнде жүзеге асатындығына сенiмдiмiн», - дедi Хан Ми-Йонг.

Айта кетейiк, бүгiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Астана қаласында Тәуелсiздiк сарайында VII Астана экономикалық форумының аясында «Антиконтрафакт» халықаралық II форумын өткiзуде. Аталмыш форум – контрафактiлi өнiммен күрес, зияткерлiк меншiк, объектiлерiне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң өркениеттi нарығын қалыптастыру саласында билiк, бизнес, ғылым өкiлдерiнiң, құқық иеленушiлердiң, өндiрушiлердiң, авторлар мен жұртшылықтың сұхбат құруына арналған халықаралық алаңы. «Антиконтрафакт» бiрiншi форумы 2012 жылы Ресей Федерациясында өткен болатын.
Ербол САРМУРЗИН

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар