Ғылыми жаңалықтар

Дарынды қыздар АҚШ-тан жүлдемен оралды

21.05.2014

6440

Астана. 20 мамыр. BAQ.KZ – Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының оқушылары Мадина және Динара Жұмағалиевтер АҚШ-та өткен ғылыми байқауда үшінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық оқушылар органикалық тыңайтқыштар туралы жұмыстарын ұсынған болатын.

Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының биология пәні мұғалімі Маржан Сүлейменова:
- Техас штатының Хьюстон қаласында өткен байқауға әлемнің 63 мемлекетінен 300-ге жуық жоба ұсынылған болатын. Оның жетеуі Қазақстаннан. Шетелдік мамандар апалы-сіңілі қыздардың жобасына қызығушылық танытып, олар АҚШ-та «Жасыл экономика» жас ғалымдар байқауында оны тиісінше қорғап шықты. Қазылар алқасы оларға үшінші орынды берді, - дейді.

Аграрлық секторда бастысы жедел әрі сапалы нәтиже алу. Осы мәселеге қызыққан солтүстікқазақстандық қыздар ауыл шарауашылығымен айналысатындарды қымбат тыңайтқыштарды сатып алып шығындануларын алдын алу үшін жаңа тәсіл ойлаптабуды көздеген.

-Тәжірибе барасында ең үздік нәтижені батпақтар мен көлдердің түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріп қалған қалдықтарының лай қабатынан алдық. Ол Солтүстік Қазақстан облысында өте көп кедесетін сапропель өсімдіктердің өсуін жеделдетеді, - дейді Мадина Жұмағалиева.

Биыл мектепті бітіріп жатқан жас ғалымдар алдағы уақытта да бұл істерін жалғастыруды мақсат етіп отыр.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар