Бүгін Тәуелсіздік сарайында өз жұмысын бастаған VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық тұрақты дамудағы университеттердің рөлі. Азиялық университеттердің III форумы» ұйымдастырылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов жетекшілік еткен жиында сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өз саласына қатысты даму көрсеткіштерін айта келе, Азияның жақын уақыттағы жарқын болашағына болжау жасады.
- Әлемнің индустриялды-инновациялық және интеграциялық тұрғыда бүгінгідей даму көрсеткішіне қарап, жаһандық мұндай үрдістен Азия құрлығы да көштен қалмасы анық. Тіпті, керек болса, қайсыбір салаларда Азия қарқынды дамып, озып шығуы ықтимал. Ендеше, біз болашағымызды айқын болжап, соған орай нақты жоспарлар қабылдауымыз керек. Бұл ретте жаңа толқын, жас буындарды білім нәрімен жан-жақты әрі терең сусындауы үшін мүмкіндігінше тың инновация, жаңа технологиямен оқытуға тиіспіз. Қазіргі уақыттың үндестігіне үйлесу жолында және қарышты дамыған Азия құрлығында білім беру ісін оңтайландыру үшін заман талабына сай білім беруге міндеттіміз, - деді ол өз сөзінде.
Нұрлыбек Досыбай,
Фото: Ғабит Мадалиев
Дереккөзі: baq.kz