Өмірдің ұзақтығы бойдың ұзындығына да байланысты екен. Гавай университетінің ғалымдары бірнеше мың америкалық пен жапониялық азаматты зерттей келе, осындай қорытынды жасаған, деп хабарлайды Informing.ru.
Бойы 158 см төмен адамдар бойы ұзын өз қатарластарынан ұзақ өмір сүрген.
Ғалымдардың айтуынша, бар мәселе адам бойындағы ұзақ өмір сүруге жауапты арнайы гендерде көрінеді. FOX3 гені организмнің рак ауруына шалдығуынан қорғайды және қандағы инсулинді төмен деңгейде ұстап тұрады екен.
Бұрын да жануарларға зерттеу жүргізген кезде олардың организмінен де дәл осындай гендер табылған.
Зерттеудің авторы Брэдли Уилкокстың айтуынша, алдағы уақытта өзге де мемлекеттерден зерттеуге өз еріктерімен қатысатын азаматтарға қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Дереккөзі: bnews.kz