«Болашақ» бағдарламасының түлектері «Hewlett Packard» компаниясының өкілдерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 28 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ BARO «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің «Hewlett Packard» Қазақстан компаниясы өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуге техникалық мамандықтар бойынша оқуын аяқтаған бағдарламаның 50-ден аса түлегі қатысты, деп хабарлайды аталмыш АҚ баспасөз қызметінен.
Кездесу шеңберінде Hewlett Packard Қазақстан компаниясының өкілдері Information technologies, Project managers, Economics, MBA, Graduates with technical background мамандықтары бойынша 10 ашық жұмыс орындары туралы жариялады. «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін компания қызметтері таныстырылды.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, қазіргі уақытта «Hewlett Packard» Қазақстан компаниясының қызметкері Бекеев Мақсат компаниядағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«Бұл компаниядағы жұмыс - өзіңнің кәсіптік қабілетіңді ұдайы дамыту және оқып білу. HP жыл өтісімен әрбір қызметкер кіргізетін табысты алу үшін өз персоналын оқытуға көп уақыт бөледі», - деді өз сөзінде ол.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ BARO жоғары білікті кадрларды іріктеу және мүдделі компаниялар үшін «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыруда әрекет ету мақсатында әлеуетті жұмыс берушілермен кездесулер, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отыратынын атап өткен жөн.
BARO мен «Hewlett Packard» компаниясы арасындағы кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара табысты ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Дереккөзі: www.inform.kz