Ғылыми жаңалықтар

"Еуразия" университеті ЕАЭО-тегі ең үздік оқу орны болуы тиіс

29.04.2014

6502

Астана. 28 сәуір. Baq.kz – Күні кеше Мәскеудегі мемлекеттік университетінде дәріс оқыған ҚР Президенті Н.Назарбаев Л.Гумилев атындағы "Еуразия" ұлттық университетін Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы ЖОО деп мәлімдеген болатын.
Ал, аталған оқу орнының студенттері болса тек Орта Азия емес, ЕАЭО елдері арасында да үздік атанамыз деп отыр. Оған материалдық-техникалық база жеткілікті дейді олар.

Астанадағы "Еуразия" университетінің 1-курс студенті Светлана Қожақұлова таңдау жасауда қателеспегенін айтады.

- Кеше Елбасымыздың М.Ломоносов атындағы ММУ-да өткізген дәрісін тыңдай отырып өзімнің оқу орнын таңдағанда қателеспегеніме көзім жетті. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлы бір рет емес, бірнеше рет Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Орталық Азия¬дағы жетекші жоғары оқу орын екендігін айтып өтті. Елбасымыз бүгінгі күні Еуразиялық интеграцияны нәрлендіретін Еуразия Даму банкі, Еуразия Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Медиа-форум, Еуразия университеттерінің ассоциациясы сынды тағы да басқа бірлескен алаңдар бар болса, 18 жыл бұрын Астанада алғаш, яғни тұңғыш ашылған нысандардың бірі Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болды дегенде онлайн-трансляция арқылы көріп отырған біздердің, осы университеттің студенттерінің мәртебесін бір көтеріп қойды, - дейді ол.

Айта кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылған болатын.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар