Ғылыми жаңалықтар

Университеттің ұстанымы – биік, мақсаты – айқын

28.04.2014

8071

Ерлан СЫДЫҚОВ, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры
Еуразия кеңістігіндегі ірі ғы­лыми-зерттеу орталығына айнала бастаған Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінің да­муына осы оқу орнын бас­қарып отырған азаматтың үлесі айрықша екені ақиқат. Жаңашыл басшы басқарудың заманауи, иннова­циялық тәсілдерін шебер­лікпен қолдануы нәтижесінде қызу қар­ба­ласқа, жарқын жаңа­лықтарға толы білім ордасының аты аз уақытта әлемге әйгілі болды.

Ғылыми және инновациялық қызмет білім берумен қатар жо­ғары оқу орындарындағы басты қызмет түріне айналмақ. Осыған орай аталмыш оқу орнының рек­торы, ҚР ҰҒА корреспондент-мү­шесі, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Ерлан Бәт­та­шұлы СЫДЫҚОВПЕН сұх­батымызда әңгіме арқауы негі­зінен ғылыми зерттеулердің жай-күйі мен білім ордасының жа­ңашылдығы сөз болмақ.

Ерлан Бәтташұлы, биылғы Елбасы Жол­дауының басты ерекшеліктеріне тоқ­талып өтсеңіз.

– Елбасының әр жылғы Жолдауы тари­хи құжат: қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы ерекше. Нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қам­тамасыз етуге бағытталғанын көреміз. «Қа­зақстандық жол – 2050» де осы тұрғыдан си­патталған: халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырып отыр. Елді индус­трияландыру, жасыл энергетикаға көшу, еңбек ету, тіліміз бен дінімізге берік болу, елдің тыныштығын сақтау, көрші елдермен татулық қарым-қатынас жасау, жас ұрпақты бабалар өсиетімен тәрбиелеу, оларға терең білім беру, ғылымды дамыту сияқты өзге де маңызды міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы саралап берген құндылық­та­ры­мызға қараңызшы: Қазақстанның тәуел­сіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлт­тық бірлік, бейбітшілк пен келісім; за­йырлы қоғам және жоғары руханият; ин­дустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қа­уіпсіздік және бүкіләлемдік, өңірлік мәсе­лелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қаты­суы. Ұлт Көшбасшысы: «Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді есе­ледік. Жаңа Қазақстандық Патрио­тизм­нің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр», – деп атап көрсетті. Міне, жасампаздыққа же­телеген осы жеті құндылық табыстары­мыз­ға ұйтқы болып, еліміздің еңсесін биік­тетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығарды».

Жолдаудың басты ерекшелігі – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мінде­тін екі кезеңде жүзеге асыру белгіленді. Бі­рін­шісі 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтыса, 2030-2050 жылдар аралығын қамтитын екінші кезең еліміздің ғылыми қамтымды және «жасыл экономика» қағидаттарына негізделмек. Бұл не деген сөз, бұл қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастыру және де дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнім­дер шығаруға көшу жүзеге асырылады деген сөз. Демек, бұл 2050-дің алғашқы жоспары, алғашқы қадамымыз. Ал 30 дамыған елдің қатарына қосылудың басты факторы – ғылым. Әсіресе, ғылыми қамтымды эконо­мика құру. Өйткені келешекте экономи­каның дамуы ғылыммен тығыз, тікелей бай­ланысты: әлем өзінің тарихында үшінші индустриялық «революцияға» келе жатыр. Біз соған әзір болуымыз керек. Бәсекелестік кеңістікте ғылымы дамыған ел ғана алдыңғы орынға шығатынына көзіміз жетті. Елбасы міне, осыны, яғни ғылымды индустрияға жеткізу, ғылымды өндіріске енгізу мәселесін баса айтты. Бұл салада тек ғалымдардың ғана күші емес, өндірістің, индустрия өкілдерінің де күш-қайраты қажет. Олар да ғылымға қарай қадам жасап, екі ортада тығыз байланыс болуы тиіс.

Өткен 2012-2013 жылдар Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті үшін табысты аяқталды. Оқу орны мәртебелі ма­ра­пат – Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Сон­дай-ақ жақында білім беруді бағалау саласындағы көшбасшы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы QS Top 50 Under 50 рейтингінің жаңа нәтижесін жариялады. Аталмыш рейтинг құрылғанына жарты ғасырдан аспаған әлемнің ең үздік 50 жоғары оқу орнын анықтады. Осынау бағалау нәтижесінде Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 32-орынға табан тіреді. Бұл мәртебеге университет ұжымы қалай қол жеткізгенінің сырын ашсаңыз.

– Елбасының ықпалымен 1996 жылы ір­гетасы қаланған білім ошағы бүгінде еге­мен еліміздің жас астанасымен бірге жасап келеді. Бұл оқу орны аз уақыттың ішінде Еуразия идеясының арманнан ақиқатқа айналғанын ғылым-білім тұрғысынан дә­лел­дей алды. Бүгінгі білім алушы және ғы­лым­мен шұғылданушы жастарымыз осыны терең түсініп, елшіл маман болуға жұмылып отыр. Олар алдыңғы буынның білімін сақ­тап әрі молайта отырып, республи­ка­мыз­да­ғы ғылыми серпілісті жақсы түсінеді. Ел­ба­сының сенімі, елордалық мәртебе және сол сенім мен мәртебеге лайық жауапкершілік біздің қызметіміздің салмағын ауырлата түседі. 2003 жылдың 9 сәуірінде универ­си­теттің оқу-зертханалық ғимаратының ашы­лу сәтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Элиталық университет болу үшін Еура­зия­лық университет барлық қажетті талаптарға жауап береді. Қазақстан жоғары оқу орын­дарының бәрінде Еуразия университе­тін­дегідей оқу базасы жоқ екенін сеніммен айта аламын, ТМД елдерінде де осы уни­вер­ситет тәрізділерді сирек көріп жүрмін. Л.Н. Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайтынына үміт­тенемін және сенемін», – деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған оқу ордасының ұжымы қазір жүйелі жұмыс жасап, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Бүгінде қасиетті қара шаңырақта білім алушылар саны жыл сайын артып келеді. Бұл студенттердің білікті маман болып қа­лып­тасуы үшін еңбек ететін ұжымның же­місі деп білемін. Жалпы, қазір білім ша­ңы­рағында елімізге танымал тұлғалар, ғылым, білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кан­ди­даттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар қызмет етеді. Әлгінде өзіңіз атап өткен мәртебелі ма­рапаттар университеттегі ұжымның қыз­меттегі жетістігі мен оқу орнында ин­нова­циялық зерттеулерді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін берілді деп есептеймін. Ел­басының ғылым мен білім беру жүйесіне қатысты қойған талабы аса биік. Біздің университеттің биік мақсат жолында белгілі бір бағытпен жұмыс жасауы басшылықтың сенімінен шыға білді деп ойлаймын.

Ғалымдарымыз «ғылыми әлемде мә­дениеттің оқшау типі ретіндегі еуразиялық өркениет феномені әлі толық зерттеле қой­маған, оны терең талдап, теориялық тұрғыда дәлелдеу қажет» деген пікір айтуда. Сіз қалай ойлайсыз?

– Еуразиялық идеясы теория ретінде өткен ғасырда туғанымен, ол осы ғасырда жүзеге асуда. Сондықтан да ол ХХІ ғасыр­дың басты идеяларының бірі ретінде таны­луда. Ал еуразияшылдықтың негізгі тезисін Л.Н. Гумилев: «...біздер өзімізге достар ізде­уіміз керек, ол өмірдің басты құндылығы», – деп түсінген. Бұл тұрғыдан алғанда, Ұлт көш­басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған Астана еуразиялық жасампаздықтың, толерант­тық­тың, демократияшылдықтың, мейман­дос еуразияшылдықтың орталығына ай­налды.

Сонау замандарда өмір сүрген Ұлы көшпенділердің ұрпақтары – бүгінгі қазақ­стандықтар Елбасы айқындаған жедел жаңару, әлемдік қауымдастықтан бастама­шыл легінде жүру – қоғамымыздың басым бағыты деп түсінеді. Бұл сөзге дәлел ретінде қазақстандық барлық мекеме, кәсіпорын, шаруашылық, оқу орны жедел жаңарудың субъектісі, әрі объектісі екендігін еске алса да жеткілікті. Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гу­милев атындағы ЕҰУ да бұл жолдағы жа­уапкершілігін, әсіресе, еуразиялық мис­сия­сын жақсы сезінеді. Н.Ә.Назарбаев біздің университетімізде сөйлеген «Ин­но­вациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген баяндама­сында: «Еуразиялық идеясының Қазақстанның бастамасы бойынша іске асырылған үш киті – бұлар ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Бұл – бір ғана айтып жеткізгісіз Орталық­тың, біртұтас Еуразиялық идеяның іс жүзін­дегі үш түрлі көрінісі. Сондықтан да Еура­зияның рухани ел ордасы, жүрегі Астана, ал осынау жүректің ең қымбат өзегі – Аста­на­дағы біздің Еуразия университеті бола алады», – деген сөздері университет ұжы­мын биік белестерге көтерді.

Университетте жаңа заманға лайық білім беру, ғылымды салаландыру және Президент көтерген Еуразия идеясын да­мытуда көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Ал мемлекет басшысының: «Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы ком­му­никациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет – осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін ұтымды пайдалану» деген пікірі де қоғамымызды, оның ішіндегі білім-ғылым саласы қызмет­керлері мен студенттерін жаңа бастамалар мен қадамдарға шақырады.

Ғылым мен білім әр кез мемлекеттің назарында. Әсіресе, инновацияны дамыту, өндірісті ғылыммен ұштастыру жайы өзекті. Осы мәселе жөнінде өзіңіз басшылық ететін университетте қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Экономиканың өсімі жылына 4 па­йыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, страте­гиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап көрсетілді. Сол себептен Мемлекет басшысы осы Жол­дауда саннан сапаға өту мәселесін ерекше атап өтті. Озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді ба­рынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Ғалымдарды қуантатын үлкен жаңалық – Елбасының ішкі жалпы өнімнің 3 пайызын ғылымға бөлінетін қаржыға жеткізу керектігі жөнінде айтқаны. Бүгінге дейін ғылымға 0,16 пайыз бөлініп келген болатын. Ал енді есептеп көріңіз, 20 есеге көбейеді. Яғни бұл отандық ғылымға ғаламат серпін беретін фактор. Оған әзір тұрған ғалымдарымыз, талантты жастарымыз жеткілікті: әртүрлі ғылыми ор­талықтарда, үлкен университеттерде отан­дық ғалымдардың тамаша жобалары бар.

Біздің инновациялық парктеріміз, түрлі ғылыми жобаларымыз ғылымның қаты­суын қажет ететін ірі мәселелердің шешімін табуға бағытталған. Міне, осыған өнеркәсіп орындары мен индустрия өкілдері келіп, өздерінің қажетін алып жатса, одан екі жақ та ұтады. Себебі ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілеушілік те жоқ. Оны Прези­дент қарапайым да ұғынықты түрде айтып берді. Егер ғылым араласатын болса, кез келген өндірістің шығаратын өнімінің саны да, сапасы да артады. Мемлекет басшы­сы­ның алға қойып отырған басты талапта­рының тағы бірі – өркениеттің көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды өндіріспен ұштастыру, отандық инновация жүйесін қалыптастыру. ЕҰУ Инновациялық парк пен Қызылорда об­лысы әкімдігі арасында өзара ынтымақ­тастық жөніндегі келісімге қол қойылған. Қазіргі күні сол құжаттың шеңберінде бір­неше ғылыми жоба жүзеге асуда. Ал Шығыс Қазақстан облысында карбид кремний өндіріс зауыт жобасын салудан бөлек, Бес­қарағай ауданында ағаш қалдықтарын кәдеге жарататын шағын зауыттың қанат­қақты жобасы жүзеге асуда. Сонымен қатар Көкшетауда «Шучинск-Бурабай-Зеренді» демалыс аймағының энергетикалық инфра­құрылымын «жасыл технологияларға» көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ғалымдарымыздың ғылым жолындағы ізденістері мен қайнар бастаулары ғана.

Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жоба­ларымыздың көлемінің өсімі байқалады. Білім ордамызда ғылыми саланы қаржы­ландыру 2012 жылы – 1,1 млрд теңгеге, ал 2013 жылы – 1,6 млрд теңгеге дейін өсті. Еуразия ұлттық университетінде негізгі 5 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан 180 ғылыми жоба қаржыландырылды. Олар энергетика, өнім мен шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу, ақпараттық және телеком­муникациялық технология, өмір, әлемнің ғылыми интеллектуалды әлеуеті. Оған ЕҰУ-дің 660 ғалымы тартылды. Бұл орайда біз үшін ең басты бағыт-бағдар беретін «На­зарбаев университеті» болса, екі оқу орны арасында қол қойылған меморандум шеңберінде ғалымдарымыз жыл сайын біліктілігін арттырып келеді.

Жастарды ғылымға тарту мен ғылым мен бизнестің кооперациясы қалай жүріп жатыр?

– Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стра­тегиялық бағдарымызды анықтаған тарихи Жолдауында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің бар­лығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда ор­нықты дамуды жалғастыру» деді. Осы тұр­ғыдан келгенде, біз үшін ғалымдар мұрасына байланысты шараның бәрі де ел абыройы мен ғылым беделін көтеру, жас­тарды жаңа биіктерге жұмылдыру. Саладағы серпіліс аясында біз жастарымызды бака­лавр – магистр – докторантура жүйесіне сәйкес ғылымға тартып отырмыз. Мемлекет бөлген қомақты қаржы олардың шетелге шығып, әлемдік тәжірибені меңгеруіне, зерт­ханаларда жұмыс істеп, рейтингі жоға­ры ғылыми журналдарда мақала жария­лауына мол мүмкіндік туғызды.

Қазіргі кезеңде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналу үшін ғылыми-инновациялық даму бағытын алға қойып, университет ғалым­дары маңызды жаңалықтар ашуда. Бүгінде университетте 13 факультет бар. Факуль­теттер мен кафедралардың негізгі міндеті жоғары білімді мамандар даярлау, оқу үдерісі мен ғылымды біріктіре отырып, ғы­лыми мектептер мен инновациялық инфра­құрылымдардың жұмысын жолға қою болып табылады. ЕҰУ профессор-оқыту­шылар құрамы білім берудің ең жаңа тех­нологияларын игеруіне айрықша маңыз беріп отыр. Бұл ретте қазіргі таңдағы қазақ­стандық жоғары оқу орындарына үлгі бо­лып отырған «Назарбаев Универси­те­тін­дегі» оқытудың жаңа технологиясы мен ин­новациялық жобалардың өзіндік үл­гісінен үйренеріміз көп. Ғылыми қыз­мет­керлердің біліктілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды меңгеруде аталмыш оқу орны бізге бағыт-бағдар болады деген сенімдеміз.

Жастарды ғылымға тарту бойынша біз университетте «Start-up» жобасын іске қосуды бастадық. Жас ғалымдарға конкурс жарияланды. Олардың жаңалықтарынан 15 жобаны таңдап, қаржыландыруды өз мой­нымызға алдық. Бұл мақсатқа университет тарапынан 1 миллион АҚШ доллар қаржы жұмсалу көзделіп отыр. Яғни ол ғалым өзінің тапқан жаңалығының бәрін сол жерде шағын өндіріс ретінде елге көрсетеді. Содан кейін инвестор келеді ме, отандық өнеркәсіп басшылары келіп сатып алады ма, пайдалана ма, оның барлығы сол кезде шешіледі.

Республикамыздың маңдайалды университеттерін академиялық және басқару­шылық автономияға біртіндеп көшіру жоспары тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл заман талабы десек те, осыған орай жеке пікіріңізді білгіміз келеді.

– Бұл өте дұрыс мәселе: білім, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа қызметті жүзеге асыруда жоғары оқу орнына еркіндік беріледі. Қағазбастылық жойылады. Жоға­ры оқу орындарының академиялық, қаржы­лық және басқару қызметінде дербестік ұстанымдары іске асырылады. Негізінен елімізде 2015 жылдан бастап ұлттық ғы­лы­ми-зерттеу университеттеріне, 2016 жылы ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жыл­дан бастап мемлекеттік жоғары оқу орын­дарына дербестік берілу жоспарланған. Жоғары оқу орындары автономиясының жетілдірілген қағидалары «Назарбаев универ­ситеті» моделіне негізделген: білім беру, ғылым, қаржы, халықаралық және өзге салалар да дербестікке ие. Демек, Қазақ­станның білім беру мен ғылым жүйесі халықаралық деңгейге жеткізіледі деген сөз.

Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, қазіргі күні қазақстандық жоғары білім беру жүйесі институционалдық автономияның деңгейі төменгі көрсеткішке ие. Ал мұндай көрсет­кіш халықаралық стандарттар бойынша ілгері жылжуға кедергі келтіреді. Дегенмен жоғары оқу орындарын автономияға кө­шірудің болжамы мен нақты жүзеге асы­рылуы белгіленген шарттар орындалған жағдайда нәтиже береді. Бұл орайда, ең алдымен, ұйымдастыру мәселесін шешу керек, содан кейін қаржылық жағдайы ма­ңызды. Мысалы, ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізуге ұзақ мерзімді бюджеттік қар­жыландыру қарастырылып, оған ке­лісімшарт жасалуы тиіс. Осы жағдай түп­кілікті шешімін тапса, менің ойымша, уни­верситет автономиясының қаржылық дең­гейі көтеріледі. Міне, сол кезде біздің ел­ден атақты Нобель сыйлығының лауреат­тары шығып, әлемдік білім беру кеңістігі мен ғылым саласында өз орнымызды ойып тұрып алатын боламыз.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ автоно­мияға алғашқылардың бірі болып көше­тініне сенім мол. Өйткені университеттің білім беру кеңістігінде алар орны айрықша және интеллектуалдық, құқықтық, мате­риалдық-техникалық базасы талапқа сай келеді: оқу орнымыз Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің «Алтын сапа» сый­лы­ғының иегері. Екі жыл қатарынан тәуел­сіз Қазақстан агенттігінің білім беру саласы сапалық көрсеткіші бойынша ұлттық рейтингте алдыңғы орында тұрмыз, яғни бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында озық жетістік болып саналады. Оған қол жеткізу үшін университет ұжымы бір кісідей жұмылып, қыруар еңбек еткенін айтуға тиістіміз. Жалпы, біздің университет үшін өткен жыл табысты болды: тарих факультеті, этникааралық және дінаралық толеранттық бойынша ЮНЕСКО каферасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды.

Автономияға көшкен жағдайда жауап­кер­шілік екі есе артады. Мәселен, универ­ситеттерде корпоративті басқаруды енгізу мақсатында бақылау кеңестері құрылады. Кеңес құрамына білім саласындағы өкілетті орган мен жергілікті билік өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер, бизнес құрылымдары мен жастар ұйымдарының өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі міндеті – жоғары оқу ор­ны­ның стратегиялық даму бағыты мен жос­парын жасап, жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен материалдық-техникалық базасын дамытуға ықпал ету. Сондықтан, корпаративтік басқаруды енгізу, бақылау кеңестерін құру жоғары оқу орындарының заман талабына сай дамуына оң ықпал етеді.

Университет дамуының негізгі қағи­даты деп нені айтар едіңіз?

– Университет дамуының негізгі қағи­даты – тәлімгерлерімізді жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету, қоғамның көкей­кесті сұранысына сай білікті маман даярлау, интеллектуалды, отаншыл орта қалыптас­тыру. Жыл сайын ЕҰУ-ге мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегерлерінің басым көпшілігі оқуға түседі. Бұл жөнінен және мемлекеттік білім грантын жеңіп алған студентеріміздің саны бойынша біз Қазақстанда бірінші орындамыз.

Бұдан түйетін қорытынды, ЕҰУ–да білім сапасын арттырудың бір кілті сапалы талапкерлерді оқуға қабылдаумен байла­нысты. Профессор-оқытушылар құрамы­ның тәлімгерлер мен ата-аналардың жоғары талапқа сай сұранысын қанағаттандыру мақсатында барынша құлшыныспен қыз­мет етуі– білім сапасына оң ықпал ететін екінші бір тетік. Тәуелсіз Қазақстанда туған жас ұрпақтың білімге деген махаббатын бәсеңдетіп алмас үшін әлемнің кез келген түкпіріне жол ашып, байланыс құрып, да­мыған елдердің жастарымен терезесі тең түлектер ұшыруды алдына мақсат етіп ұстаған оқу ордамыз бір сәт те қарқынын баяулатпақ емес. Еліміздің әлемдік бәсеке­лестікте жеңіске жетуі үшін жоғары техно­ло­гияларды игерген, инновациялық жо­баларды іске асыруға қабілетті отаншыл да білікті мамандар қажет. Жоғары техноло­гиялар, инновациялар негізінде жүзеге асы­рылатын жаңа ойлардың салалануы елі­міздің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін және азаматтардың әл-ауқат деңгейін айқындайды. Бұл ретте дамыған елдердің білім жүйесінен үйренеріміз көп. Елімізде осы бағытта атқарылған жұмыстар жетерлік. Нақты айтсақ, ЕҰУ көп жылдан бері Еуропалық Одақтың білім мен тәжі­рибені жетілдіруді мақсат ететін Эразмус Мундус бағдарламасының академиялық алмасу жобасына қатысып келеді. Бұл бағдарламаның грантын жеңіп алу бойынша да ЕҰУ Орталық Азия университеттері ара­сында алдыңғы шепке шығып, отандық ЖОО арасында оқ бойы озық тұр. Оған шетелдік бағдарламаларға қатысушылар тапсыратын ағылшын тілі сынақтарын шетелге шығындалып бармай-ақ, аз шы­ғын­мен университетімізде тапсыруына жағдай жасау мүмкіндігін туғызуымыз оң ықпалын тигізуде. Олар ғылыми зерттеу бағыты мен білім алу мақсатында Италия, Польша, Германия, Португалия, Түркия, Испания, Литва сияқты елдерде тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін жетілдіруге мүм­кіндік алды. Сонымен қатар бұл жоба бо­йынша біздің оқу ордамыздан тағылым­дамадан өтуге шетелдік азаматтар да қызы­ғушылық танытуда. Сондай-ақ уни­вер­ситетіміздің халықаралық бағдарламалар және магистратура бөлімдері Болгария, Лит­ва, Румыния, Словакия, Оңтүстік Ко­рея, Малайзия, Түркия және ТМД елде­рімен академиялық алмасулар жүйесі шеңберінде жұмыс істеп келеді. Осы жүйе бойынша бүгінгі таңда магистрлеріміз білімдерін шетелдерде жалғастыруда. Бұл жұмыстардың барлығы Қазақстан Респуб­ликасының жоғары оқу орындарына арнал­ған студенттер мобильдігі тұжырымдама­сына сәйкес іске асырылуда. Бұдан былай білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, ЕҰУ студенттері ұлттық университет студенттері мәртебесіне сай мемлекет есебінен кемінде бір семестр үздік еуропалық ЖОО-да білімін жетілдірулеріне мүмкіндік алды. Әрине, ол үшін олардың шет тілін жетік білуі тиіс. Тағы бір атап өтуге тұратын жетістігіміз оқу ордамыздың білім алушылары мен оқытушылары «Болашақ» стипендиясы байқауына да белсенді қа­тысып келеді. Соның нәтижесінде соңғы жылдары «Болашақ» грантының ең көп иегерлері де – біздің оқу орнынан. Оқы­тудың жаңа жүйесіне көшу, халықаралық қарым-қатынасты нығайту, озық техно­логияны меңгеріп, білікті маман даярлауды дамыту – Елбасы Жолдауының негізгі өзегі болса, біз сол үдеден шығу үшін бар қарым-қабілетімізбен еңбек етуге даярмыз. Ал білімді ұрпақ – болашақ кепілі.

– Жыл сайын Еуразия ұлттық универ­ситетін таңдайтын студенттер қатары артуда. Университетте Қазақстанның түкпір-түк­пірінен жиналған дарынды да білімді сту­денттер оқитыны бәріне белгілі. Осындай студенттерге қандай жағдай жасалынған?

– Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрді­сіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістер­де бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстан­ның жоғары білім беру бағыттары мен саясаты қайта қарастырылып, университеттерде шетел тәжірибелері кеңінен қолданылуда. Еліміздегі жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу жолдарының бірі, уни­верситеттердегі жеке тұлғаға бағытталған оқыту ортасын қалыптастыру және универ­ситет студенттеріне барынша қолдау көр­сету болып табылады. Себебі жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі салаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, білім алушы­лардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескерілуі қажет. Бүгінде Л.Н. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге азаматтық және құқықтық сауаттылықтарын ашу, рухани және адам­гершілікті дамыту шаралары, патриоттық сезімді арттыру, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім және діни экстремизмге қарсы жұмыстар жүргізіледі. Жетім және дарынды балаларға, көп балалалы отба­сынан шыққан және әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге барынша қолдау көр­сетіледі. Мысалы, тұл жетімдер университет жатақханасында тегін тұрып, жәрдемақы алса, «Бөбек», «Бота» қайырымдылық қорлары грантымен тегін білім алып жатқан студенттерге стипендия төленеді. Мүгедек және отбасы жағдайы қиын студенттерге де ай сайын шәкіртақы тағайындалған. 2000-ға жуық студент ай сайын қалалық әкімшілік тарапынан жол жүру билеттерін тегін алады. Ғылыми олимпиадаларға, халықаралық дебаттық турнирлерге қатысатын дарынды студенттерге және спортта, шығарма­шы­лықта жетістікке жеткен балаларға мате­риалдық көмек көрсетіліп, сыйақы төленіп, ішкі гранттар немесе оқу ақысына жеңіл­діктер қарастырылған.

– Елбасы Жолдауында жас ұрпақты ба­балар өсиетімен тәрбиелеу мәселесіне де ерекше маңыз берілді. Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Бұл екеуін бірінен-бірін бөліп алып қа­растыруға мүлдем болмайды. Ал адамгершілік негіздерін қатаң сақтау үлкен мәдениеттілікке алып баратын жол екені әлімсақтан белгілі. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– ЕҰУ-де студенттер тәрбиеcі дұрыс жол­ға қойылған. Жастардың патриоттық сезімдерін, мәдени-эстетикалық деңгей­лерін арттыруға арналған іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, тағылымы мол кештер, ел қадірлеген тұлғалармен жүздесулер үздіксіз өткізіліп тұрады. Бұл ретте универ­ситетімізде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі тиімді жұмыс істеп келеді. Еркеғали Рахмадиев, Кәкімбек Салықов, Илья Жақанов, Исрайыл Сапарбай, Көпен Әмірбек, Серік Тұрғынбек, Ақұштап Бақтыгереева секілді әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлерімен өткен кездесулер студенттеріміз үшін рухани байлық дер едім. Жастар саясаты орталығы мен оның факультеттегі бөлімдерінің, студенттердің «Сенім» атты кәсіподақ ұйымының, алғаш біздің білім ордамызда ашылған «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығының бел­сенділігін де атап өткен орынды.

Мемлекет басшысы үнемі айтып жүр­гендей, жастарымыздың саламатты өмір салтын ұстанып, ширақ та шымыр болып қалыптасуына барынша мүмкіндік тудыру біздің міндетіміз. Осы орайда, «ЕҰУ Сту­денттік медицина орталығы» жұмысы кө­ңілге қуаныш ұялатады. Бір білім орда­сының жанынан мұндай дәрігерлік ор­­та­лықтың ашылуы ТМД елдері бойынша алғашқы екенін ескерсек, оның мән-маңызы еселене түсері даусыз. Бұл емхана университет студенттері денсаулығының жақсаруына белгілі деңгейде оң әсерін тигізсе, университетіміздің «Студенттер үйінен» алғаш ашылған «Студенттік ки­нотеатр» да студенттердің бос уақытын қы­зықты әрі мәнді өткізуге мүмкіндік берді. Кинотеатр қойылымдары тегін екендігін еске салсақ, бұл да студенттерімізге үлкен жеңілдік әрі эстетикалық тәрбие алуларына оңтайлы жағдай туғызу. Сонымен қатар биылғы жылы жаңа оқу-зертханалық ғимарат, шағын отбасылық үй пайдалануға берілсе, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жүйелі жалғасын таба беретін болады. Мұның бәрі де, әрине, Елбасы Жолдауы та­лабымен астасып жатқаны түсінікті. Алда атқарылатын жұмыстар әлі де ауқымды әрі маңызды. Сондықтан біз Президент Жол­дауына әр жыл сайын іргелі байыптама, елдік тиянақ ретінде қарап, алдағы әрбір ісімізді жоғары талап деңгейіне сай орын­дауға ұмтылып келеміз.

Елбасының ойлағаны – еркін елдің ертеңі. Бұл қанатты қамқорлықтың қай­тарымы қомақты болуға тиіс.

– Сұхбат соңында әріптестеріңізге не айтар едіңіз?

– Менің әріптестерім – білім және ғы­лым саласының қызметкерлері. Ақыл-ой еңбегінің адамдары. Абай атамыз бізге «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қал­дырды. ХХІ ғасырда ғылым – жай қағаздағы, кітаптардағы ғылыми жаңалықтар емес, халықтың әл-ауқатының деңгейі, сапасы. Сондықтан біздің бірлесе атқарып келе жатқан жұмысымыз қызықты да жауапты. Меніңше, Қазақстан ғылымы мен білімі қазір тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Оның тарихилығын халқымыз бен Елбасы­мыздың «мәңгілік ел» мұратына қызмет ету анықтайды. Қазір біздің саламыз түбегейлі жаңару, жаңғыру үстінде. Бізде білікті мамандар, жақсы жетістіктер мен әлемдік деңгейдегі зертханалар бар. Ендеше Мем­лекет басшысының сенімімен жаңа биіктерді бағындыруға жұмылуымыз керек. Осы жолда әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Гүлжазира ЕРТАСОВА, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Дереккөзі: www.aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар