Ғылыми жаңалықтар

Нарықта экраны иіс шығаратын теледидарлар пайда болмақ

18.04.2014

4744

Токио университетінің ғалымдары алғашқы иісі бар экранды теледидарды таныстырды.
Әзірге жапондық мамандар шабдалы мен ыстық кофенің иісін шығаратын теледидардарды ұсынып отыр, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Бұл құбылыс қарапайым технология бойынша жүзеге асады. Теледидардың жұмысынан қызған иісі бар арнайы гранулалар булана бастайды.

Хош иіс теледидардың бұрыштарында орналастырылған желдеткіштерге барып, көгілдір экран алдындағы көрермендерге жетеді.

Бұл идеяны негізге алып, ғалымдар ауыспалы картридждары бар теледидар шығаруды да қолға алмақ.
Әзірге хош иіс шығаратын теледидарлар сатылымға қашан шығатыны және оның құны қандай мөлшерде болатыны белгісіз.

Читать полностью: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар