Ғылыми жаңалықтар

Көптілді білім берудің жағдайы талқыға түсті

17.04.2014

4544

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан құрылған педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығы мен көптілді білім беру орталығының бірлесуімен «Көптілді білім беру топтарындағы ағылшын тілінде мамандық пәндерінің оқытылуы жайы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Жиынға университеттің көптілді оқу топтарында дәріс беретін профессор-оқытушылар, кафедра меңгерушілері, ғылыми-әдістемелік семинар жетекшілері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының көптілді білім берудің бүгінгі таңдағы жағдайы мен өзекті мәселелерін анықтау, мемлекеттік білім беру стандарттарының жаңартылуына байланысты университеттегі педагогикалық-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық бағыттары бойынша көптілді білім беру бағдарламаларымен оқитын академиялық топтар және кәсіби бағытталған шет ел (ағылшын) тілі пәндерінен дәріс алатын білім алушылардың оқу үдерісін жетілдіру аясында пікір алмасу болғанын айта кетуіміз керек.

Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша «Көптілді білім беру: бағыттары мен ұстанымдары» жөнінде халықаралық қатынастар жөніндегі департамент директоры Т.ЫКеншінбай, ЖОО-да әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану, техникалық мамандықтар бағытындағы көптілді білім беру топтарында оқу процесінің мазмұнын жетілдіру мәселелері төңірегінде Р.К.Диуанова, С.М.Наренова, Қ.Қ.Дәуренбеков, Ф.А.Оспанова және Г.Енсебаевалар ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар