Ғылыми жаңалықтар

Балықты адамдарша аулайтын ақылды құс

02.04.2014

5157

Балықшы құс балық аулау үшін нан қиқымын суға тастайды да, өзі сол наннан көз алмай, аңдып отырады. Су толқынымен алыстап бара жатқан қоқымды қайтадан жақындатып қояды. Дегенмен, нанды өзіне өте жақын жерге тастаса, балық үркіп келмей қоятынын жақсы білетін ақылды құс белгілі бір арақашықтықты ұстайды.

Ақыры су бетінде қалқыған нанды жемек болған балықты ақылды құс қағып алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құс аяғы қысқа болғандықтан, суға дендеп ене алмайды. Ал оның аулағысы келген балықтары жағаға жақын келмейді. Сондықтан ол осындай әдістерге баруға мәжбүр.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар