Ғылыми жаңалықтар

Теледидар алдында шектеулі уақытта ғана отыратын балалардың денсаулығы жақсы болады

02.04.2014

4649

Жақында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде теледидар немесе компьютер алдында көп отырмайтын балалардың ұйқысы жақсы қанып, мектептегі үлгерімі телебағдарламаларға уақытын көп бөлетін қатарластарына қарағанда жоғары болатыны анықталды.
«Егер де ата-аналары балаларының теледидар алдындағы уақытын қадағалаған жағдайда, онда жеткіншектер жақсы дамып, ашуланшақ болмайды», - дейді Айова штаты университетінің докторы Дуглас Жентий.

Бұдан бұрынғы зерттеулер барысында теледидарды ұзақ тамашалайтын балалар семіздікке жиі шалдығатындығы анықталған еді.

Мұнымен қоса, австралиялық ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде экран алдында уақытының басым бөлігін өткізетін өрендер эмоционалдық тұрғыда шектеулі болатынын, сондай-ақ отбасыдағы жағдайында қиындықтарға жиі тап болатыны мәлім болған еді, деп жазады шетелдік БАҚ.


Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2644258

«« | »»
Соңғы жаңалықтар