Ғылыми жаңалықтар

2020 жылға қарай колледждердiң 50 пайызына дуальдi оқыту жүйесiн енгiзу жоспарлануда - А.Сәрiнжiпов

31.03.2014

3571

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай колледждердiң 50 пайызына дуальдi оқыту жүйесiн енгiзу жоспарлануда, деп хабарлады бүгiн "Қазақстан-2050" ұлттық коалиция отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов.

"Қазiргi уақытта дуальдi оқыту жүйесiн дамытуға қатысты жергiлiктi әкiмдiктермен бiрге кешендi шаралар атқарылуда. Колледждерде жұмыс берушiлер мен бизнес өкiлдерiнiң қатысуымен консультативтiк кеңестер құрылатын болады. Дуальдi оқыту жүйесiн енгiзу бойынша өнеркәсiптердiң тiзiмiн арттырамыз. 2020 жылға қарай колледждердiң 50 пайызына дуальдi оқыту жүйесiн енгiзу жоспарлануда. Бұл Мемлекет басшысының бiзге қойып отырған тапсырмасы", - деп атап өттi министр.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта елiмiзде 200-ге тарта колледж бар, олардың 56 пайызы мемлекеттiк меншiктегi колледждер. Онда 560 мың адам бiлiм алуда. Оның iшiнде 240 мыңы мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алады. Оқушылардың 77 пайызы техникалық, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша бiлiм алады. Соңғы үш жылда техникалық және кәсiби бiлiм берудi мемлекет есебiнен қаржыландыру 3 есеге артқан.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар