Ғылыми жаңалықтар

Су тіршілік нәрі

26.03.2014

4141

Таяуда Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша «Суармалы жерлерді мелиорациялауда қор үнемдеу технологияларын өндіріске енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Қазіргі таңда Қазақстанның суармалы жерлерінің 50 пайзы тұзданып, 30 пайзы сортаңданып, су тапшылығы кей жылдары 50 пайзға дейін жетіп отырған шақта, су үнемдеу мен суармалы жерлерді мелиорациялаудың маңыздылығы артқаны айтпасад түсінікті. Қазақстанның суармалы егіншілігінің тұрақты дамуы үшін су шаруашылығы саласындағы техникалық саясатты қайта қарап, құрылымдау қажет. Бұған ирригациялық жүйелерді кешенді түрде қайта құру және суарудың суды үнемдеу технологияларын пайдалану жолымен қол жеткізуге болады. Шаруа қожалықтарында мелиорациялау мен суармалы жерлерді суарудың заманауи технологияларын ендіру арқылы су ресурстарын үнемді және тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлығын арттыруды қамтамасыз етудің мәні зор. Осыған байланысты, семинар-кеңес жұмысы суармалы жерлерді мелиорациялау мен ресурстарды үнемдеудің технологиясын өндіріске ендіру мен суармалы жерлерді тиімді пайдалануға бағытталды.

Семинар барысында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Нұрлан Балғабаевтің құттықтау сөзімен ашылып, ТарМУ профессоры, техника ғылымының докторы Ә.С. Сейтқазивтің, ҚСШҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкерлері Е.С. Қойбақованың, С.Д. Магайдың және Р.А. Джайсамбекованың, кіші ғылыми қызметкері А.С. Басмановтың баяндамалары тыңдалып, пікір алмасумен жалғасты.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар