Ғылыми жаңалықтар

Техникалық мамандық иелерін даярлау ісіне ден қою керек, - ҚазҰТУ ректоры

13.03.2014

4035

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Ж.Әділовтің қатысумен брифинг өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауын әңгіме арқауына айналдырған оқу орнының басшысы Елбасымыздың ұлттық білім сапасын жақсарту мен қазақстандық ғылым әлеуетін көтеру туралы міндеттері жайында сөз қозғады.

ҚазҰТУ білім беру сапасын арттыру бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау шеңберінде халықаралық ғылыми-білім беру орталықтарының қызметін қарқындату, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының біріктірілген классификатор жобасы бойынша жұмысты жалғастыру, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің ұсыныстары және ЖОО тәжірибесі есебінен жаңа экспериментальды бағдарламалар жасау міндетін алға қойып отыр. «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ядролық химиялық технологиялар, ядролық энергетикалық қондырғылар бағыттары бойынша дайындықты қамтамасыз ететін атом энергетикасына арналған білім беру бағдарламаларын жасау және енгізу.

- Университетке шетелдік инвестициялар тарту, соның ішінде білім трансферті және жаңа технологиялар үшін университеттің ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландыруды кезең бойынша арттыру жоспарын жасайды. ЖОО ірі қазақстандық компаниялардың қосымша өндірістерін орналастыру мүмкіндігімен жеке Технопарк пен Бизнес-инкубаторды дамыту, технологияларды коммерциализациялау және шағын инновациялық кәсіпорындар құру бойынша қызметті жүзеге асырады. ҚазҰТУ өнеркәсіптің геологиялық және мұнай-газ салаларында кәсіби инженерлерді (РЕ) сертификаттаудың ұлттық жүйесінің жобасын құруға, өнеркәсіптік кен орындарында келешегі бар кен бақылау құрылымын анықтауға, пайдалы қазбалар қорларын бағалау және болжау жұмыстарына, Қазақстанның геологиялық кластерін құруға тікелей қатысуды жоспарлап отыр.

Университет сирекжер металдарын алу және оларды бөлудің және шикізат көздерін талдауға, түсті және сирек металдарды шоғырлау мен бөлудің ион алмастыру және шайғындау технологияларын құру бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде сирекжер металдарын бөліп алу және бөлудің жаңа әдістерін жасауға қатысады, - дейді ректор.

Сонымен қатар, оқу орны басшысының айтуынша, ҚазҰТУ аса күшті магниттік материалдар жасау үшін сирекжер элементтері негізінде наноқұрылымдар алу технологияларын әзірлеу және енгізуді, күн фотоэнергетикасына арналған Қазақстан-Ресей ғылыми техникалық жұқа қабыршақты технологиялар орталығын құруды жоспарлауда екен.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар