Ғылыми жаңалықтар

Халықаралық олимпиадаларға қатысатын қазақстандық оқушылардың саны жылдан жылға артып келеді - А.Сәрінжіпов

13.03.2014

3825

Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов физика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасының үміткерлерімен кездесті.

«Халықаралық олимпиадаларға қатысатын қазақстандық оқушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл - мемлекеттің жасап жатқан жұмысының, сіздердің және ата-аналардың күш-жігерлерінің арқасы», - деді министр зияткер оқушылармен кездесуінде.

А.Сәрінжіповтің айтуынша, Қазақстанда физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың өткізілуі әлемдік ғылыми қауымдастықтың біздің елге деген үлкен сенімін білдіреді.

«Қазақстан орта білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде танылды деген сөз. Сіздердің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз біздің елдің атын шығаруда. Әлем елдері Қазақстан физика мен математикадан мықты ел екендігін көреді», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2013 жылдың қортындысы бойынша Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадада және ғылыми жобалар байқауларында 967 марапатқа ие болды. Оның ішінде 188 - алтын медаль, 298 - күміс, 463 - қола медаль және 18 алғысхат бар.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар