Ғылыми жаңалықтар

Жүректің мәңгі соғып тұруын қамтамасыз ететін тәсіл табылды

06.03.2014

3884

Адамның жүрегі дүниеге келген сәтінен бастап, көптеген жылдар бойы ешбір тоқтаусыз соғып тұрады. Жүрек кенеттен тоқтаған бойда проблема пайда болады.

Қазіргі медицина адамның қартаюын бәсеңдету мен жүректің жұмысын ұстап тұрудың барлық мүмкіндігін қарастырып келеді. Дегенмен ғалымдардың осы саладағы соңғы зерттеулері жүректің соғуы жиілігін ұзақ уақыт бойы ұстап тұратын тәсіл тапқан сыңайды, деп хабарлады www.hi-news.ru.

Иллинойс және Вашингтон университеттерінің зерттеушілері жоғары сапалы графикалық бейнелерді және 3D-баспасын қалыптастыру әдісін қолдана отырып, жүректі қоршап жауып тұратын жұқа сыртқы мембрана тәрізді құралды ойлап тапты. Электрод қондырылған жасанды мембрана перикард тәрізді жүректің табиғи сыртқы қабатын жауып тұратын қабық секілді болмақ.

Бұл құрылғы денеден тыс оның жұмысын ұстап тұра отырып, жүректі жауып тұрады. Бұл жасалым қоян жүрегіне тәжірибе ретінде жасалды, деп хабарлады британдық The Independent газеті. Құрылғы жүректің жұмысын бақылап отырады және оның соғуының бұзылуы мен тоқтауы белгілерін анықтап береді.

Қажет болған жағдайда жүрек бұлшық еттеріне электрлік импульстер бере алады. Бірақ ол кәдуілгі кардиостимуляторлардан мүлдем өзгеше. Электрондты жасанды мембрана проблемаларды тез байқап, жүректің жұмыс жағдайындағы қызметін ұстап тұруға аз мөлшерде қайрат жұмсайды.

Электродтар қарапайым материалдардан жасалған, олардың құрылымы мембрананың созылып, жүректі жауып тұруына мүмкіндік береді. Бірақ та жүректің өмірін қазірдің өзінде-ақ ұзартуға болады екен деп қуануға әлі ерте.

Технология зертханалық жағдайда жануарлардың жүрегінде ғана өзінің тиімділігін көрсетті. Дегенмен бірнеше жылдан кейін бұл өнертабыс адамға зор пайда әкеледі деуге үміт бар.

Дерек көзі: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар