Финляндия техникалық ғылыми-зерттеу институтында тері обырын алғашқы кезеңде анықтайтын құрал жасалды. Салмағы бір келіге жетпейтін инновациялық гиперспектрлік камера санаулы секундтың ішінде ауруды тауып бере алады, деп хабарлайды Росбалт.
Жалпы, тері обыры адам денесінің үлкен бөлігіне жайылғанымен, ісіктің өзі терінің бетінде кішкентай болып көрінеді. Фин ғалымдары жасап шығарған инновацияық құрал дертті ерте кезден анықтап, диагнозды нақты қойып береді. Сондай-ақ ол құрал 12 шаршы метр теріні сканерлей алады.
«Тері обырын емдеген кезде назар дененің кішкентай бөлігіне аударылады, ал ісіктің өзі ұлғайып дами береді. Жаңа камераның арқасында уақыт жоғалтпай, терінің зақымданған барлық жерін емдеуге болады», - дейді Хельсинки университетінің орталық госпиталінің дәрігері Ноора Неиттанмяки-Пертту.
Оның айтуынша, қазір аталмыш камераны сынақтан өткізу жалғасып жатыр. Атап айтқанда, жаңа құрал Хельсинки университетінің орталық госпиталінде клиникалық сынақтан өткізілуде. Алдағы уақытта Ювяскюля университеті мен Пяйят-Хяме қаласының ауруханасында сынамаден өтеді. Айта кетерлігі, құралдың бағасы өндірістің көлеміне байланысты болмақ. «Мысалы, аталмыш құрал мың данамен шығатын болса, оның бағасы шамамен 10 мың еуро болуы мүмкін», - деді Неиттанмяки-Пертту.
Мәлімет көзі: inform.kz