Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар өскелең ұрпақ зардап шегіп жүрген негізгі ауруды атады

24.02.2014

3778

Британдық ғалымдар өскелең ұрпақтың басты ауруын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл ауру технологиялық ілгерлеу салдарынан туындаған, ол «компьютерлік бүкірлік» деп аталады. Бұл туралы newsroom жазады.

Жылдар өткен сайын дәрігерлер мен ғалымдар жасөспірімдерде омыртқа ауруларының жиі анықталып келе жатқанын айтады. Ол компьютердің алдында көп отырғаннан пайда болып жатыр. Мұндай ұзақ отырыстың әсерінен бірінші кезекте адамның арқасы зардап шегіп, омыртқасында өзгерістер пайда болады. Біртіндеп арқадағы ауырсынулар созылмалы дертке айналып, адамның бүкіреюіне әкеп соғады.

Зерттеушілер бұл аурудың алдын алу соншалықты қиын емес, ата-аналары балаларының компьютер алдында күнделікті қанша уақыт отыратындарын қадағаласа жеткілікті дейді. Олар сондай-ақ аталмыш сырқатты уақытылы анықтаудың маңызы зор екенін, себебі бүкірлікті емдеу аса қиын екенін айтады.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар