Ғылыми жаңалықтар

Антарктикалық Пайн-Айленд мұздығы одан әрі еріп жатыр

24.02.2014

3836

Антартикалық Пайн-Айленд мұздығының еруі теңіз деңгейінің көтерілуіне үлкен үлес қоса отырып, құрлықтағы мұздың жалпы азаюының 25 пайызына жетті, деп хабарлады www.gismeteo.ru.

Жаңа зерттеулер көрсеткендей, мұздықтың таяудағы жылдарда одан әрі еруі жалғасады.

Зерттеушілер бұл мұздықтың еруі Әлемдік мұхиттың таяудағы ондаған жылдарда 10 миллиметрге көтерілуіне соқтырады, деп санайды. Мұздық жылына 1,6 метрге қысқаруда. Сонымен қатар теңіз деңгейі көтеріліп келеді. Халықаралық геологтар тобы мұздықтың еру қарқыны бұдан 8000 жыл бұрынғыдай жалғасып отырғанын анықтады.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар