Ғылыми жаңалықтар

Орда бұзар жас отыз екендігін әлем ғалымдары дәлелдеді

20.02.2014

4063

Солтүстік Батыс университетінің экономистері Бенджамин Джонс пен Брюс Вайнберг адамдарға данышпандық қай жас шамасында келетінін анықтады.

Ғалымдар 500-ден астам Нобель лауреаттары мен шамамен 300-дей XX ғасырдың әйгілі өнер тапқыштары туралы деректерді сарапқа салған. Мамандардың анықтауынша, олардың 96 пайызы өз жаңалықтарын 26 жастан асқан шақтарында ашқан. Ал ғалымдардың көбісі сүбелі еңбектерін 30-40 жасында жазған, деп жазады «ЕвроСМИ». Демек қазақтар отызды «орда бұзар жас» деп бағалағаны бекер емес.

Америкалық экономистердің сөзіне қарағанда, әр саланың өз «данышпандық жасы» болады екен. Сонымен, Джонс пен Вайнбергтің есебінше, физика саласында жаңалық ашқандардың орташа жасы - 30, химия саласында - 39, физиологияда - 41.
Жалпы алғанда, XX ғасырдағы «данышпандық жас» орташа есеппен 39 жасты құрады.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар