Ғылыми жаңалықтар

Бразилияда жануарлардың 150 жаңа түрі табылды

20.02.2014

4090

Ғалымдар тапқан жаңа түрлердің басым бөлігі өрмекші тұқымдас жәндіктер, балықтар, құстар және бауырымен жорғалауыштар болып табылады. Сонымен қатар, жануарлар қатары жаңа маймылмен де толығып отыр.

Бразилияның Музей Эмилио Гоэлди деп аталатын ғылыми инстиуты Амазонияның фаунасы мен флорасын зерттеумен айналысады. Орталықтың ғалымдары кеше бұған дейін белгісіз болып келген 155 жан-жануар және 14 өсімдіктің түрін тапқанын мәлімдеді.

Оңтүстікамерикалық басылымдардың жазуынша, осынау ғылыми жаңалықтар соңғы төрт жылдық еңбектің нәтижесі. Табылған жануарлардың басым бөлігі өрмекші тұқымдастар, балықтар мен құстар және бауырымен жорғалауыш жәндіктер деп хабарлайды БАҚ өкілдері.

Сонымен қатар, сүтқоректілердің де қатары жаңа түрмен толықты. Бразилия орманынан табылған шағын маймылға ғалымдар Mico rondoni деген атау берді.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар