Ғылыми жаңалықтар

Шылым шегу еріншектікке алып келеді

17.02.2014

3699

Бразилия ғалымдары темекі шегетін адамдардың шекпейтіндерге қарағанда еріншек болып келетіндігін анықтаған, деп жазады РБК.
Тәжірибе барысында мамандар 50 темекі шегетін және 50 салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға 12 сағат бойы өздерімен бірге қадам өлшейтін құралды алып жүруін сұраған. Содан кейін тәжірибеге қатысушылар өздерінің өмір сүру салтын анықтайтын арнайы сауалнамаға жауап берген.

Зерттеу кезінде темекі шегетін адамдар тез шаршап қалатындығы көрінді, олардың өмір сүру салтын өзгертуге ықыластары төмен болатындығы белгілі болды. Сонымен қатар олар аз қозғалатындығы және үрей мен депрессияға бейім келетіндігі анықталды.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар