Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: фаст-фуд өнімдері балалардың семіздікке шалдығуына әкеледі

17.02.2014

3796

Тез дайындалатын тағам мейрамханаларының маңында тұратын балалар семіздіктен зардап шегеді. Мұны британиялық ғалымдар анықтады және ол жайлы мақала ғылыми журналдардың бірінде жарияланған.
Осындай шешімге олар Ұлыбританияның бірнеше ірі қаласында тұратын балалардың арасында зерттеу жүргізгеннен кейін келді.

Фаст-фуд өнімдеріне жақын маңда тұратын балалардың 45 пайызы артық салмақ қосуға шалдыққаны анықталды, деп хабарлады rosbalt.ru.

Сонымен бірге, семіздікке шалынғандардың ішінде 70 пайызы алдағы уақытта да осындай мәселемен зардап шегетін болады екен.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар