2014 жылдың 12 ақпан күні 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер кинотеатрында (№5 Студенттер үйі, Жұмабаев -14/1) Студенттер үйі дирекциясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылау мақсатында «МӘНГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР» атты студент жастармен кездесу өтеді.
Кездесу мақсаты – Елбасы Жолдауында айтылғандай, ұлттық білім беру сапасын жақсарту, 2020 жылға қарай Қазақстандағы білім саласында болатын өзгерістер, заманауи бағдарламалар мен оқу әдістемелерін, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру; келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру; жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіру; үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау; 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендия мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз ету сияқты мәселелерді талдау.
Шараға Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысады.
Ұйымдастарушы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Өткізу күні: 2014 жыл 12 ақпан, сағат 15.00
Өткізу орны: ЕҰУ, Жұмабаева 14/1, №5 жатақхана
Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова
+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова