Ғылыми жаңалықтар

Италиялық дәрігерлер заттарды сезетін қолдың биопротезін жасады

07.02.2014

4201

Осындай протездің алғашқы иесі даниялық азамат – Денис Аабо. Ол өрт салдарынан сол қолынан айырылған. Хирург дәрігерлер протездегі сенсор құрылғыларын иықтағы нерв талшықтарымен қосты. Осының арқасында құрылғы мен адам миы өзара байланыса алады. Денис Аабоның айтуынша, ол көзбен қарамай тұрған мезетте ұстаған заттардың пішіні мен қаттылығын анықтай алады. «Ғалымдар ойлап тапқан жаңалық шамамен бес жылдан кейін кеңінен қолданыла бастайды», – дейді. Ал осыған дейін бионикалық қолдың қимыл дәлдігі мен қозғалу қабілеттерін жетілдіру қажет.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар