Чикаго университетінің жанындағы шығыстану институтының бір топ археологтары Мысырдың оңтүстігіндегі көне Эдфу қаласының орнынан 4,6 мың жылдан астам уақыт бұрын салынған пирамида тапты, деп хабарлайды BNews.kz ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Аль-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, ол Гизадағы Ұлы пирамидадан бірнеше онжылдыққа үлкен.
Биіктігі 13 метрге жететін құрылыс бір-бірімен балшықпен бекітілген құм тастардан салынған. Аталмыш пирамида елді мекендердің маңында орналасқан белгілі жеті «провинциалды пирамидалардың» бірі болып табылады. Гизадағы пирамидаларға қарағанда, олар перғауындарды жерлеуге арналмаған және ішкі камералары да болмаған. Ғалымдар атап өткендей, уақыт өте келе Эдфу қаласындағы сатылы пирамида тоналған. Жел мен құмды дауыл да нысанға айтарлықтай зиянын тигізген.
Археологтар мен ғалымдар үшін бұл пирамидалардың қандай қызмет атқарғаны әлі күнге дейін жұмбақ.
Источник: bnews.kz