Салмақ тастау мен жинаудың белгілі бір кезеңі болады екен. Көбіміз жұмыс күндері азып, демалыста салмақ қосып алады екенбіз. Мұнда демалыс күндері қанша келі қосқаныңыз емес, жұмыс күндері қанша салмақ тастағаныңыз маңызды деп жазған Cornell University Food and Brand Lab.
Корнелла Университетінің қызметкері Брайан Вансинк 25-62 жас аралығындағы еріктілер тобын жинап, зертеу жүргізген.
Оларды азғандар (салмағы -3% түскен), салмақ қосқандар (салмағына +1%) және салмағы бірқалыпты, өзгермеген( -3%пен 1%) деп бөлген. Салмақ өзгеруінің сызбасы айқындалып, жұмыс күндері салмақ тасталатыны анықталған. Зерттеу көрсеткендей, адамның дене салмағы жұма күні күрт төмендеген.
Ескере кететін жайт, азғандар тобында салмақ тастау дүйсенбі күннен демалыс күндеріне дейін байқала бастаған. Қатысушылардың 59%ында жексенбі мен дүйсенбі күндері артық салмақ көрсетілсе, 60% жағдайда жұма мен сенбі күндері адамдардың салмағы азайған.
Мамандардың айтуынша, апта бойында салмақ өзгеруі қалыпты жағдай. Демалыс күндері жайбарақат отырып, тамақтануға адамдардың бос уақыты көп болады екен.
Мәлімет көзі: baq.kz