Ғылыми жаңалықтар

Ақтөбе облысында оқушы қарындаштан Эйфель мұнарасын жасап шығарды

03.02.2014

4123

Ақтөбе облысында 11-сынып оқушысы қарындаштың өзегінен түрлі дүние жасайды. Жандос Өмірғалиев жеке коллекциясын жинаған.
Онда кішкентай домбыра, скрипка мен Эйфель мұнарасы да бар. Туған қаласы Алғаның 50 жылдығына арнап графиттен құттықтау сөздер ойып, мерекелік сый жасаған, деп хабарлайды 24.kz
Биыл мектепті бітіретін Жандос медицина саласына барып, кардиохирург болғысы келеді. Жүректегі нәзік тамырларға операция жасау үшін қолдың икемі керектігін айтады. Қарындаштың ішкі өзегін ойып, түрлі ұсақ мүсіндер жасайтын Жандостың саусақтары әбден шыныққан.

"Қарындаштың жұмсақ және қатты түрі болады. Өзегі қатты қарындашпен жұмыс жасау оңай. Мен еркін жұмыс жасағанды жақсы көремін, бұл - қиын өнер. Ұсақ-түйегі көп, сондықтан шыдамды болу керек. Қарындаштың ішіндегі графиттің қалыңдығы небәрі 3 мм болады. Оны қолға ұстап, жұмыс жасау оңай емес", - дейді қолөнер шебері Жандос Өмірғалиев.

Жандостың ұстазы оған үлкейтіп көрсететін арнайы көзілдірік алып берген. Мұндай көзәйнекті сағат жасайтын шеберлер киеді. Ал ұсақ дүниелерді жасауға микроскоп қолданады. Бұл өнер карвинг деп аталады.
Технология пәнінің мұғалімі Алтынбек Сейдалиевтің айтуынша, Далтон Гетти деген америкалық ұста болған, сол осы өнермен шұғылданған екен. Бұл туралы ол шәкірті Жандосқа айтқанда, жас бала келісіп, өнерді алып кетті. Алтынбек жұмысты бірінші май шамнан бастағандықтарын сөз етті.

Жандос – қаладағы "Жастық-жігер" аула клубының тәрбиеленушісі. Сүйікті ісімен осы жерде айналысады. Клубқа 700-ден астам оқушы келіп, түрлі үйірмелерге қатысады.
Жастық-жігер" аула клубының директоры Төкеш Серікбай Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, мүмкіншілігі шектеулі балаларды орта білім беру мектептерімен, сонымен қатар қосымша білім беру мектептермен қамту мақсатында осы мекеменің жұмыс жасап жатқандығын баяндады.

Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында да балалар қамтылып, үйірмелерге қатысады. Биыл мектепті бітіретін Жандос дәрігер болғысы келеді, алайда көңілі қалаған істі тастамайтындығын айтады.

Читать полностью: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар