Ғылыми жаңалықтар

Өсімдіктерден әуе көлігіне биотын өндірілмек

03.02.2014

4091

Boeing корпорациясы Біріккен Араб Әмірліктерінің ғылым және технология институтының зерттеу тобымен бірігіп, әуе көлігіне биотын өндіру саласындағы зерттеу жұмыстарына кіріспек, деп жазады muslim.kz.
Аталмыш жоба құрғақшылық жайлаған елдерді биотынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Аталмыш компания мамандары хабарлағандай, шөлде өсетін әрі мұхит суымен қоректенетін өсімдіктерден биотын өндірудің бәлендей қиындығы жоқ көрінеді. Осыған байланысты, әсіресе, әуе көлігіне қажетті биотын құрамында тұзы көп топырақта немесе сортаң жерлерде өсетін өсімдіктерден, соның ішінде, галофиттен алынатын болады.

Мұхиттың кермек татыған тұзды суымен суғарылатын галофиттің екі бірдей егістігінен алынатын биотын реактивті ұшақтарға пайдаланылатын болады. Жанар-жағар майдың орнына жүретін биотынның осынау түрі әдеттегі қазбалы отын түрлері бөліп шығаратын көмірқышқыл газын 50-80 пайызға дейін азайтады екен.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар