Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өрбіді. Маңызды құжаттың ерекшелігі ретінде Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяны атап өтуге болады.
Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өрбіді. Маңызды құжаттың ерекшелігі ретінде Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяны атап өтуге болады. Сол 10 бағыттың ең маңыздысы деп – ғылымды айтқан болар едім. Өйткені болашақ білімді ұрпақтың қолында. Елбасы айтқандай, келешекте шетелдік инвестициялар бүтіндей біздің елімізге білім мен жаңа технологияларды трансферттеу үшін пайдаланылатын болады. Сонымен қатар шетелдік компаниялармен бірге, жобалау және инжинирингтік орталық-тар құрылып, технопарктерде ең ірі қа-зақстандық компаниялардың қосымша өндірістері салынбақ.
Білім саласындағы олқы түсіп, түйіні тарқатылмай келген мәселелер тап осы болатын. Елбасы осы олқылықтардың орнын толтыру керек деп дөп басып айтты. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақстандық білім әлемдік дәрежеге сатылап болса да көтеріліп келеді. Соңғы жылдары елімізде ғылым мен білім қатар дамып, отандық өндіріске қолғабыс көрсете бастады. Тіпті экономикамыздың даму көрсеткіштеріне де оң әсер етіп отыр. Осы ілгерілеушілікті байқаған Елбасы өз сөзінде «Екінші және одан кейін-гі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық техноло-
гиялар, роботты техникаға гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деді. Ендігі кезекте қазақстандық ғалымдар осы бағытта аянбай тер төгуге тиіс. Ол үшін шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін қолданып, олар-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге тура келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау ғалымдарымызды қанаттандыра түседі деген үміттемін.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру екенін ескерткен Елбасы венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерциялау жөніндегі заңнаманы жетілдіру керектігін де баса айтты. Алдағы уақытта осы айтылған заң жобалары Парламенттің қарауына енгізілсе, қазақстандық ғылымның дамуы қарқын алады деген сенімдемін. Жылқы жылы қабылданатын заң жобасынан күтетін үміт мол. Білімді қаржыландыру көлемі артып, оның көлемі дамыған елдер-дің көрсеткіштеріне теңестіріліп жатса, неге қуанбасқа?!
Ғылымды білімді шәкірттер мен болашақ ғалымдар жасайды. Болашақ ғалымдарға білікті оқытушылар дәріс беруі тиіс. Елбасы осы мәселенің де күрмеуін шешуді тапсырды. Яғни алдағы уақытта еліміздегі жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге ден қойылатын болады. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдау одан әрі жақсара түспек. Стипендия мөлшері 2016 жылы 25 пайызға тағы да артқалы отыр. Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы мені ерекше қуантты. Жүйелі жоспар, межелі міндет, бағдарлы бағыт, ілкімді ізденіс барда қазақстандық білім мен ғылым өркендей береді.
Мәлімет көзі: aikyn.kz